2. Алюминий сульфидін алу (тартқыш шкафта жасалатын жұмыс).
Технохимиялық таразыда қоспаларының массасы шамамен 4 г болатын күкірт және алюминий ұнтақтарының эквивалентті мөлшерін өлшеп алыңдар. Қоспаны жақсылап араластырып, кәрлен отбақырашқа салып, магний жолағының көмегімен жағыңдар. Реакция басталысымен қыздыруды тоқтатыңдар. Алынған алюминий сульфидін суытыңдар.
Бір сынауыққа ыстық дистилденген су құйып, екіншісіне сұйытылған тұз қышқылын құйып, екі сынауыққа да алюминий сульфидін салыңдар. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Алюминий сульфидін ерітіндіде алуға бола ма?
3. Алмасу реакциясы арқылы сульфидтер алу. Аммоний сульфидімен тұндыру (тартқыш шкафта жасалатын жұмыс).
Сынауықтарға 1-2 мл темір (ІІ), мырыш, кадмий, қорғасын (ІІ), сүрме (ІІІ), мыс (ІІ) тұздарының ерітінділерін құйыңдар. Әрбір сынауыққа 1-2 мл аммоний сульфидін қосып, алынған тұнбалардың түсін байқаңдар. Реакция теңдеуін молекулалық және иондық түрде жазыңдар.
Алынған тұнбаларға сұйытылған тұз қышқылын қосыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Әртүрлі сульфидтердің минералды қышқылдардың сұйытылған ерітінділеріне қатынасы қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |