Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер: таразы, темір сульфиді (FeS), 20% тұз қышқылы, лакмус қағазы, “қорғасын қағазы” (қорғасын ацетаты ерітіндісі сіңірілген сүзгі қағазы), күкірт және алюминий ұнтақтары, магний жолағы, темір (ІІ), мырыш, кадмий, қорғасын (ІІ), сүрме (ІІІ), мыс (ІІ), аммоний сульфидінің ерітіндісі, 10% H2SO4, хлор суы, бром суы, калий перманганаты және дихроматы ерітінділері.
|
1. Күкіртсутек алу және оның қасиеттері (тартқыш шкафта топ болып жасалатын жұмыс)
1. 1-2 г темір (ІІ) сульфидін өлшеп, сынауыққа салып, оған 5-8 мл 20% тұз қышқылын құйыңдар. Сынауықты ұшы ұзын газ шығатын түтігі бар тығынмен жабыңдар. Не байқалады?
Реакция басталғаннан кейін шырпымен газ шығатын түтіктің ұшындағы күкіртсутекті жағып көріп, жанып жатқан күкіртсутек жалынында лакмус қағазын ұстап тұрып, оның түсінің өзгеруін байқаңдар.
2.Жалынға суық шыны пластинкасын ұстап көріңдер. Нені байқауға болады?
3.Жалынды өшіріп, газ шығатын түтіктің ұшына сумен ылғалдандырылған “қорғасын” және лакмус қағаздарын ұстап көріңдер. Не байқалады? Реакция теңдеуін жазыңдар.
4.Бірнеше сынауыққа бром, хлор суларын, қышқылданған (күкірт қышқылымен) калий перманганаты, дихроматы ерітінділерін, дистилденген су құйыңдар. Барлық ерітінділер арқылы күкіртсутек ағынын жіберіңдер. Әр ерітіндіге батырылған сайын газ шығатын түтіктің ұшын дистилденген сумен шайып отыруды ұмытпаңдар.
Күкіртсутектің сулы ерітіндісінің лакмусқа әсерін анықтаңдар. Нені байқауға болады? Реакция теңдеуін жазыңдар. Неліктен күкіртсутек атмосферада жиналып қалмайды? Күкіртсутек тотықтырғыштық қасиет көрсете ме?
Достарыңызбен бөлісу: |