Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009



бет270/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз

Керекті құралдар мен реактивтер: сынауықтар, 0,1 М күміс нитраты, 0,1 М натрий гидроксиді, 25% аммиак ерітіндісі.

Сынауыққа 1 мл 0,1 М күміс нитратын құйып, оған 1 мл 0,1 М натрий гидроксидін қосыңдар. Түзілген тұнбаны декантация әдісімен сумен шайып, ауада кептіріңдер. Алынған тұнбаны екіге бөліп, біреуін сынауықта қыздырып, екіншісіне 25% аммиак ертіндісін құйыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. Тұнбаның құрамы қандай?

124 жұмыс. Аз еритін күміс қосылыстарын алу





Керекті құралдар мен реактивтер: сынауықтар, күміс нитраты, хлориді, бромиді, йодиді ерітінділері, аммиак ерітіндісі, натрий тиосульфаты ерітіндісі.

Күміс нитраты ерітіндісінің аз мөлшерін үш сынауыққа бөліп құйыңдар да, біреуіне хлор, екіншісіне бром, үшіншісіне йод ерітінділерін қосыңдар. Тұнбаның түзілгендігін байқаңдар. Алынған тұнбаларды сыртқы түрі бойынша салыстырыңдар. Тұнбаларды декантация әдісімен сумен шайып, оған жарықтың, аммиак ерітіндісінің және натрий тиосульфаты ерітіндісінің әсерін анықтаңдар.


Галогендердің атомдық нөмері өскен сайын күміс галогенидтерінің түсінің өзгеруін қалай түсіндіруге болады? Күміс ионына қай анионның сезімталдығы жоғары? Реакция теңдеуін жазыңдар. Сурет шығаруда неліктен калий иодиді емес, калий бромиді қолданылатынын түсіндіріңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   266   267   268   269   270   271   272   273   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет