32. МЫРЫШ, КАДМИЙ, СЫНАП
№ 125 жұмыс. Мырыш және оның қосылыстары
Қажетті жабдықтар және реактивтер: сынауықтар, спирт шамы, түйіршікті мырыш, мырыш сульфаты немесе хлоридінің 10% ерітіндісі, натрий гидроксидінің 1 М ерітіндісі, сұйытылған тұз қышқылы, 10% аммиак ерітіндісі.
|
1. Мырыштың қышқылдарға әсері. Жеке сынауықтарда мырыштың 1-3 түйіріне сұйытылған және концентрлі тұз, күкірт, азот қышқылдарын құйыңдар. Суықта реакция жүрмеген сынауықтарды қыздырыңдар. Не байқалады? Химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |