Практикумы оқу құралы Профессор М. М. Бүркітбаев пен доцент Р. Г. Рысқалиеваның редакциялауымен Алматы 2009



бет31/280
Дата07.02.2022
өлшемі4,33 Mb.
#86035
түріПрактикум
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   280
Байланысты:
ПрактикумКаз
Zadaniya s rech kMod1(18.02.13), 6035344306a28 3, альдегидтер мен кетондар, орг.хим. жктелу, 0005c324-0423cfa3, Сапарова Гулшат 308А кунделик 1 кун, Философия конспектілер, Филос 1 Тақырып, Адамзаттың асыл тәжі, 4,5,6,7, Аманқос Г. Арал теңізі, КТЖ АКТ 1 сынып, ТЖБ талдауы ІІ тоқсан, 1 А,Ә, Е кл. 05.05.Русский язык
Кипп қондырғысын жинау реті
1.Қатты реагенттерді салу үшін реакторға диск орнатады, сұйықтық құятын тесігін тығынмен жабады.
2.Құйғының қырналған бөлігіне тығыздайтын май жағады (немесе ФУМ лентасын) және құйғыны реакторға жалғайды.
3.Реактордағы газ шығатын шүмекке арналған тесік арқылы қатты реагенттің түйіршіктерін салады (мырыш, магний, мәрмәр). Егер реагент төменгі жартылай шарға түсіп кететін болса, дискіні ауыстыру керек.
4.Газ шығатын шүмекті ашады.
5.Шар түріндегі құйғының жоғарғы тесігіне конус тәрізді құйғы көмегімен деңгейі реактордағы қатты заттың бетінен 1-1,5 см жоғары көтерілгенше қышқыл құяды.
6.Шүмекті жабады. Егер аспап герметикалық болса, онда бөлінетін газдың қысымымен сұйық лезде реактордан құйғыға ысырылып шығарылады. Реактордан ауаны аластау үшін шүмекті тағы ашады, реакторға қышқыл көтерілгеннен кейін жабады және осылайша 4-5 рет қайталайды. Бұлай жасау міндетті түрде керек, себебі бұл сутек алғанда қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
7.Тұз қышқылын қолданғанда шар тәрізді құйғының тесігіне сулы ысырма орнатады. Егер сутекті мырышқа күкірт қышқылымен әсер ету арқылы алса, онда дайындалған қышқыл ерітіндісіне 5-6 мл мыс сульфатының немесе хлоридінің қаныққан ерітіндісін қосады. Мырыш түйіршіктерінің бетінде орын басу реакциясының нәтижесінде пайда болған мыс, электрохимиялық таттануды тездетеді, демек сутек түзілу процесін жылдамдатады.
Қарапайым тәжірибелермен аспапты тексергеннен кейін (мысалы көміртек (ІV) оксидімен толтырылған ыдыстағы жанып тұрған шамды өшіру, сабынды шарларды сутекпен толтыру) аппаратты жинап, тазалап, алып қояды. Құрылғыны орнынан жылжытқанда құйғыдан ұстауға болмайды.
Г-5 Газометрі ауамен қопарылысқа түсетін қоспа бермейтін, суда аз еритін газдарды жинауға, сақтауға және шығындауға арналған. Газометрде оттек, азот, азот (ІІ) оксиді, сутек газдарын сақтауға болмайды. Герметикалық емес аспапта газдарды дұрыс жинамағандықтан және сақтағаннан олардың ауамен қопарылыс беретін қоспасы түзілуі мүмкін, демек жұмыс істеп тұрған адамның шыны сынықтарымен жарақаттану қаупі туады!
Г-5 газометрі сыйымдылығы 5 л газ сиятындай цилиндр ыдыстан, шүмегі бар салмақты құйғыдан және конус түтік тәрізді алынатын түптен тұрады. Көбінесе құйғылар қырналған конустармен қосылады. Осындай әдіспен құйғы ыдыспен жалғастырылады. Ыдыс екі шеңгелмен жабдықталған: жоғарғы-газ шығатын шүмекті орнатуға арналған және төменгі - аспапты газбен толтыруға және жинағанда сұйықты төгетін тығынды орнатуға арналған. Жиынтықтың қосымша құралы тығынсыз газ шүмегі болып табылады.
Г-5 газометрінің алдыңғыларына қарағанда ыдыс қабырғасына тік бұрышпен орналасқан қысқартылған төменгі шеңгелі болады. Сондықтан да аспапты газбен толтыру техникасы әдебиеттерде келтірілген әдістерден өзгеше. Г-5 мектепке арналған ХАЖ, ХАЖ-10 көрнекті ыдыстар мен құрал-жабдықтардың жиынтығының құрамына кіреді. Бұл жиынтыққа тесігі бар резеңке тығын да кіреді. Газометрді жинағанда осы жиынтықтан: бір тесікпен ғ19 және екі тесікпен ғ29 екі тығынды қолданады. Бірінші тығынды төменгі шеңгелге қолданады. ғ29 тығын тесігіне жез түтікшелерінің қиындыларын (оларды ДХАЖ-нан алуға болады) салады. (13 сурет) Газ беруге арналған шамамен бірдей ұзындықтағы және газометрдің ішіне бағытталған түтіктердің сыртқы ұштары шеңгелден ұзынырақ болу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   280




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет