2.Аммоний хлоридінің суда еруі.
10,5 г аммоний хлоридін өлшеп алып, оның көлемін есептеп және 75 мл суда алдыңғы жұмыстағыдай ерітіңдер. Алынған ерітінділердің көлемін өлшеңдер.
3.Қанттың суда еруі.
25 г қант өлшеп алып, оны 100 мл суда ерітіңдер, ерітіндінің көлемін өлшеңдер.
4.Спирттің суда еруі.
Сыйымдылығы 10 мл өлшегіш цилиндрге жіңішке шыны таяқша салыңдар және 4 мл су құйыңдар, цилиндрдегі сұйықтық деңгейін өлшеп алыңдар. Үстіне тағы 4 мл су құйып, қайтадан су деңгейін өлшеңдер де, оны төгіп тастаңдар. Цилиндрге қайтадан 4 мл су құйып, шыны таяқша бойымен 4 мл абсалюттік спирт қосыңдар, көлемін өлшеңдер. Қоспаны таяқшамен жақсылап араластырып, көлемін қайтадан өлшеңдер. Не байқалады? Барлық 4 жұмыстың мәліметтерін кестеге жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |