Тапсырма: Оқытушыдан мына заттардың (NH4Cl, І2, күкірт, салицилл және бензой қышқылы, антрацен, нафталин және т.б.) біреуін алып бірден буландыруды жүргізіңдер. Шығымды есептеңдер. Алған заттарыңды балқу температурасын анықтауға сақтап қойыңдар. Йодты тазалауды жүргізіңдер. Ол үшін стақан түбіне йод пен 0,2 г калий йодидінің (КІ неге керек?) қоспасын салыңдар.
№ 7 жұмыс. Балқу температурасын анықтау
Заттың балқу температурасын анықтау үшін анализдің сапалық және сандық әдістері қолданылады. Әртүрлі қоспалардың болуы сандық түрде анықталады.
Химиялық әдістермен бірге анализдің физика-химиялық әдістері-физикалық константаларды анықтау (балқу температурасы, тығыздығы және басқа) қолданылады.
Химиялық таза заттар белгілі температурада балқиды немесе қатады, демек, балқу немесе қайнау температурасын анықтай отырып заттың тазалығы туралы айтуға болады.
Заттың балқу температурасы дегеніміз ол зат қатты жағдайдан сұйық жағдайға ауысатын температураны айтамыз.
Әдетте балқу температурасын дөңгелек түпті ыстыққа төзімді құты мен осы құтыға ағаш тығынның көмегімен бекітілген сынауықтан тұратын аспаптың көмегімен анықтайды (19-сурет).
19-сурет. Балқу температурасын анықтауға арналған аспап
|
Құтыға концентрлі күкірт қышқылын, силикон майын немесе қайнау температурасы жоғары басқа сұйықты құяды. Сынауыққа термометр орнатып, оның шаригіне зат салынған капиллярды ұстату үшін резеңке сақина кигізеді. Балқу температурасы 2500С-дан жоғары заттармен жұмыс істеу үшін екі сынауықтан тұратын қарапайым қондырғыны қолданады. Кең сынауыққа жіңішкесін салып, олардың арасындағы саңылауды бос қалдырады. Жіңішке сынауыққа ағаш тығынмен термометрді орнатады. Балқу температурасын анықтау әдістемесі өте қарапайым. Таза заттың аздаған мөлшерін сағат шынысында шыны таяқшамен мұқият үйкелейді. Одан кейін бір ұшы бітелген шыны капилляр алып, оның (ішкі диаметрі 0,7-1,0 мм, ұзындығы 30-60 мм)
|
ашық жағымен затты ішіне толтырады.Зат капиллярдың түбіне жетуі және тығыздалуы үшін капиллярды бітеу жағымен төмен қарай ұзындығы 70 см үстел үстіне тігінен қойылған шыны түтік арқылы лақтырады. Капиллярда биіктігі 5 мм - ге дейін жететін заттың тығыз қабаты болу керек. Зат салынған капиллярды резеңке сақинаға бекітіп, термометрге орнатады (капилляр сынап шаригінің деңгейінде болу керек( және құтыны бастапқыда тез, ал соңғы 15-200-та минутына 10С-дан көп емес жылдамдықпен қыздырады. Әйтпесе термометрдің шаригі қызып үлгермейді де балқу температурасы төменірек болып қалады. Белгісіз заттың балқу температурасын анықтағанда қыздыруды тезірек жүргізеді (минутына 5-70С), одан соң әсіресе балқу температурасына жақындағанда баяу қыздыру арқылы, анықтауды қайталайды.
Достарыңызбен бөлісу: |