2. Бром суының алынуы.
Жоғарыдағы әдіспен алынған бромды суда еріту керек. Алынған ерітіндінің (абайлап!) түсі мен иісіне көңіл аударыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. 1 мл бром суына 4-5 тамшы бензол қосыңдар. Сынауық ішіндегіні сілкіңдер. Бензол сақинасының боялған түсін байқаңдар.
3. Йод суының алынуы.
Суда йодтың ұсақ кристалдарын ерітіңдер. Алынған йод суының бірнеше тамшысын сумен сұйылтып және 2-3 тамшы крахмал ерітіндісін қосыңдар. Сәйкес көк түске боялуын түсіндіріңдер. 1-2 мл йод суына бірнеше тамшы бензол қосыңдар. Йодтың бензолдағы боялу түсін байқаңдар. Бром суы мен йод суының құрамы қандай? Онда қандай молекулалар мен иондар бар? Хлор, бром және йодтың сумен әрекеттесуін салыстырыңдар. Кестені толтырыңдар.
Кесте 8
Қосылыс
|
Түсі
|
Иісі
|
|
суда
|
бензолда
|
|
хлор суы
|
|
|
|
бром суы
|
|
|
|
йод суы
|
|
|
|
№ 38 жұмыс. Галогендердің сілтілермен әрекеттесуі.
Достарыңызбен бөлісу: |