3. Бром және йодтың сілті ерітіндісімен әрекеттесуі
а) Бром суына аздап сілті ерітіндісін қосыңдар. Неліктен бромның бояуы мен иісі жойылып кетеді?
б) Осындай тәжірибені йод суымен жүргізіңдер. Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.
4. Қыздырғанда хлордың сілтілермен әрекеттесуі. Хлораттар және олардың қасиеттері.
а) Стақанға 5 мл КОН қаныққан ерітіндісін (50%) құйып, оны қыздырып, хлор (HCl-дан мұқият тазартылған) жіберіңдер. Бұл тәжірибені жасағанда өте абай болыңдар!!! Калий хлоратының түзілген кристалдарымен хлор жіберетін түтіктің бітеліп қалмауына және түтікке ерітіндінің сорылуына, онда тұздардың кристалдануына жол бермеу керек. Реакция аяқталғанын қалай көруге болады? Бөлінген кристалдарды Шотта құйғысымен сүзіп алып, салқын судың аз мөлшерімен жуыңдар. Алынған тұзды келесі тәжірибелер үшін сақтап қойыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
б) Алдыңғы тәжірибеде алынған калий хлоратын кәрлен ыдыста концентрлі тұз қышқылының бірнеше тамшысымен ылғалдаңдар. Не бөлінеді? Реакция теңдеуін жазыңдар.
в) Осындай тәжірибені концентрлі H2SO4-мен жүргізіңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар.
г) Құрғақ КClО3 алып, қыздырыңдар. Ыдырау өнімдерін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
д) КClО3 аз мөлшерімен (0,3 г) қант ұұнтағының бірдей мөлшерін араластырыңдар да (ысқыламау керек!), тартқыш шкаф астында темір пластинкаға қойыңдар. 1-2 тамшы концентрлі H2SO4 тамызыңдар. Байқалған құбылысты түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңдар.
е) MnO2 қатысында және MnO2-сіз КСІО3 ыдырау реакциясының теңдеуін жазыңдар.
№ 39 жұмыс. Галоген аниондардың реакциясы
Тітіркендіргіш әсері бар. Денсаулыққа қауіпті.
Достарыңызбен бөлісу: |