22. БЕРИЛИЙ, МАГНИЙ
(Тітіркендіргіш әсері бар, денсаулыққа қауіпті()
Берилийдің қосылыстары улы!
№ 79 жұмыс. Берилий және магнийдің химиялық қасиеттері
1. Магнийдің сумен әрекеттесуі. Магний жолағының кішкене кесегін (1-2 см) зімпара қағазымен оксидтен жақсылап тазалап, 6-7 тамшы дистилденген су құйылған сынауыққа салыңдар. Сынауықты тұрғыға бекітіп, бөлме температурасында реакция жүрмейтінін байқаған соң, спирт шамымен немесе жанарғымен жаймен қыздырыңдар. Не байқалады? Сынауықты суытып, оған 2-3 тамшы фенолфталеин қосыңдар. Ерітіндінің түсі қалай өзгереді? Реакция теңдеуін жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |