ІІІ Оқытушының өзге тұлғалармен өзара қарым-қатынасы
1. Оқытушының білім алушылармен қарым-қатынасы
3.1.1. Оқытушы білім алушылармен өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынас стилін таңдайды.
3.1.2. Білім алушыларға қатысты оқытушының талапшылдығы кәсіби этика мен өзіндік даму негізі ретінде позитивті болып табылады.
3.1.3. Оқытушы білім алушының өз бетінше әрекет ету, бастмашылдық, жауапкершілік, өзіндік бақылау, өзін-өзі тәрбиелеу, ынтымақтастық ниеті және өзгелерге көмектесуге дайын болу сияқты жағымды қырларының және қарым-қатынасының дамуына негізделетін әдістерді таңдайды.
3.1.4. Білім алушының мінез-құлығы мен жетістіктерін бағалауда олардың өзіне сенімін күшейтуге, өзіндік жетілдіру мүмкіндіктерін көрсетуге, оқу мотивациясын жоғарылатуға тырысады.
3.1.5. Білім алушы жетістігін бағалауда объективті және әділ болуға ұмтылады.
3.1.6. Оқытушының білім алушы тарапынан өзіне ғана сенім білдірілген мәліметтерді, егер ол заңға қайшы келмесе, таратуына тыйым салынады.
3.1.7. Оқытушы өзінің қызметін асыра пайдаланбайды. Ол білім алушыларды қандай да бір қызмет жасауға және жәрдем беруге мәжбірлей алмайды.
3.1.8. Оқытушының өз қызметі үшін білім алушылардан сыйақы талап ету құқығы жоқ.
3.1.9. Оқытушы білім алушылардың діни сенімдері мен саяси көзқарастарына толеранттылық танытуы тиіс. Пікірталас арқылы өзінің көзқарасын теліп қоюға құқығы жоқ.
3.1.10. Оқытушы білім алушылармен тәрбие үдерісін ұйымдастырудың тиімді жолдарын өзі таңдай және кәсіби көзақараста жарамды болса жаңасын құра алады.
Достарыңызбен бөлісу: |