Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48


ІІ Оқытушы мінез-құлқының негізгі нормалары



бет184/189
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#58660
түріПравила
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189
ІІ Оқытушы мінез-құлқының негізгі нормалары
2.1. Оқытушының кәсіби этикасы өзінің міндеттерін орындауда адалдыққа және жауапкершілік сезімге бейімділікті талап етеді.
2.2. Оқытушы өзіне талап қойғыш және өзіндік кемелденуге тырысады. Олар үшін өзіндік бақылау мен анықталу және өзін-өзі тәрбиелеу сипатты. Оқытушы ешуақытта өзінің шамасын сезінуін және өзін-өзі ұстауын жоғалтпауы керек.
2.3. Оқытушы үшін әрдайым кәсіби шыңдалу маңызды. Ол өзінің білімін жетілдірумен және жұмыстың тиімді әдістерін іздеумен тынымсыз айналысады. Оқытушы өзінің сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетіне ерекше мән береді.
2.3. Оқытушы сеніммен берілген педагогикалық қызметтің сапасы мен нәтижесіне жауап береді- болашақ мамандарды кәсіби дайындау.
2.4. Оқытушы білім алушының дене, интеллектік, эмоциялық және рухани дамуына жауапты.
2.5. Оқытушы әкімшілік тарапынан берілетін қызметке және сенімді ресурстарға жауапты.
2.6. Оқытушы өскелең ұрпаққа ұлттық және жалпыадамзаттық мәдени құндылықтарды таратады және мәдени даму үдерісіне шамаға сай қатысады.
2.7. Білім алушылармен қарым-қатынасқа түскенде және басқа да жағдайларда оқытушы сыпайылықты, инабаттылықты және биязылықты сақтайды. Ол этикет нормаларын біледі және оны ұстанады.
2.8. Оқытушының беделі құзіреттілікпен, әділдікпен, тактпен және білім алушыларға қамқорлық жасай алуымен негізделеді.
2.9. Оқытушы өзінің жағымды қасиеттерімен тәрбиелейді.
2.10. Оқытушы жеке өміріне қол сұғушылықтың болмауын талап ете алады. Дегенмен, олардың өмір салты мамандық беделіне нұқсан және кәсіби міндеттерді орындауға кедергі келтірмеуі тиіс.
2.11. Университеттің оқытушысы өз қызметінде әрбір адамның биік құндылығын, оның құқықтары мен еркіндігін, жеке өміріне, отбасылық құпияларына қол сұғылмаушылығын, өзінің жақсы атын, ар-намысын, қасиеттерін қорғауды мойындауға сүйенеді.
2.10. Оқытушы, мемлекет, қоғам және азаматтар алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, өзінің парызы санайды:
а) өз қызметін кәсіби жоғары деңгейде жүргізуді;
ә) білім алушылардың және білім беру қатынастарына басқа да қатысушылардың ар-намысы мен қасиеттерін құрметтеуді;
б) білім алушыларда танымдық белсенділікті, өзіндік дербестікті, бастаманы, шығармашылық қабілеттерді дамытуды, азаматтық тұғырды, қазіргі әлем жағдайында еңбек ету мен өмірге икемділікті қалыптастыруды, білім алушыларда саламатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыруды;
в) педагогикалық негізделген және білімнің жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін оқыту мен тәрбиелеу түрлерін, әдістерін қолануды;
г) білім алушылардың психофизикалық ерекшеліктері мен олардың денсаулық жағдайларын ескеруді, денсаулық мүмкіншіліктері шектеулі адамдарға білім алуға қажетті арнайы жағдайлар жасауды қадағалауды, қажет болған жағдайда медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылдар жасауды;
ғ) еңбек міндеттерін адал атқаруға кедергі келтіретін қандай да бір жеке, мүліктік (қаржылық) және басқа мүдделердің ықпал етуіне байланысты әрекеттерді болдырмауды;
д) Қазақстан мен басқа мемлекеттердің халықтарының дәстүрлері мен салттарына төзімділік және құрмет көрсету, түрлі этникалық, әлеуметтік топтар мен конфессиялардың мәдени және басқа ерекшеліктерін ескеру, білім алушылардың ұлтаралық және конфессияаралық келісімдеріне ықпал жасауды;
е) оқытушының еңбек міндеттерін адал атқаруына күмән туғызатын қылықтардан тыйылуды, сондай-ақ өзінің атағына немесе университет беделіне залал келтіре алатын конфликтілік ахуалдардан аулақ болуды.
2.11. Оқытушы кәсібиліктің, мінсіз абыройдың үлгісі болуға тырысады, тиімді жұмыс істеу үшін қолайлы моралдық-психологиялық климатты қалыптастыруға ықпал етеді.
2.12. Оқытушы қауіпті сыбайлас жемқорлық қылықтарға жол бермеу шараларын жасайды, адалдық, алаламаушылық пен әділдік үлгісі болып табылады.
2.13. Еңбек міндеттерін орындау кезінде оқытушы:
а) басқа жыныстағы, жастағы, ұлт, тіл, азаматтық, әлеуметтік, мүліктік немесе отбасылық жағдай, саяси немесе бір дінді артық санайтын адамдарға төзімділік көрсетеді;
ә) сыпайы, ақ ниетті, кішіпейіл, ұстамды, әділ, ұқыпты.
б) университеттің материалдық және басқа ресурстарын ұқыпты және негізді жұмсайды, университет мүліктерін (жайлар, жихаз, телефон, телефакс, компьютер, көшіргіш техника, басқа жабдықтар, пошта қызметі, көлік құралдары, аспаптар мен материалдар), және өз жұмыс уақытын жеке мақсаттарына пайдаланбайды.
2.13. Оқытушы іскерлік киім үлгісін сақтайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет