5. Кәсіби практикалардың міндеттері мен мазмұны
8.Педагогикалық практикажоғарғы мектепте оқыту әдістемесі мен ерекшелігін бейнелейтін жалпы кәсіби және педагогикалық пәндерді оқу кезінде алынған білімдерді бекіту, кеңейту, тереңдету және жүйелеуге бағытталған. Практикадан өту барысында білім алушылар тұтастай педагогикалық процестегі жаңа инновациялық технологияларды, кәсіби пәндерді оқыту теориясы мен әдістемесінің теориялық білімдерін игеру; білім алушының лекциялық та, семинарлық пен практикалық сабақтар кезінде де белсенді қызметін қамтамасыз етуге бағдарланған белсенді оқыту әдістерін қолдануды талдау дағдыларын алуы тиіс.
Практика мазмұны:негізгі теориялық және методологиялық ерекшеліктермен, болашақ мұғалімнің мінездемелерімен, коммуникативті қабілеттерімен танысу, өз мамандығының базалық және бейінді пәндерін оқыту әдістемесін игеру, мемстандарттың барлық ерекшеліктерін, оның отандық және шетелдік аналогтардан айырмашылығын, артықшылықтары мен кемшіліктерін білу.
Практика арнайы және кәсіби пәндерді оқыту әдістемесі бойынша білімдерді бекіту, кеңейту, тереңдету және жүйелеуге бағытталған.
Педагогикалық практика барысында оқуытиіс:
– білім мен ғылым саласындағы реформалардың жұмыс істеу заңдылықтары мен теориялық негіздерін, қазіргі әлемдегі жоғары білімнің негізгі бағыттары мен даму беталыстарын;
– білім мекемелерінің қызметін жүргізетін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді;мемлекеттік білім стандарттарын; типтік және оқу жоспарларының негізгі міндеттерін,еңбек заңнамалығы негіздерін; ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттамалардың біріздендірілген жүйесінің стандарттарын;
– білімді тұғырландырудың теориялық ережелерінің негізгі атқаратын міндеттерін; жоғарғы мектептің құрылымдық білім бөлімшелерін басқару мәселелерін; білімді гуманитаризациялау және гуманизациялау проблемаларын;
–білім және ғылым саласында жүргізілетін жұмыстар мен көрсетілетін қызмет түрлерін; отандық білімнің негізгі техникалық және конструктивті ерекшеліктерін, сипаттамалары мен тұтынушылық қасиеттерін; құжаттама номенклатурасын жасау және ресімдеу тәртібін;
– ғылыми-зерттеу жобалары мен жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастырудың заманауи әдістерін;
– қоршаған ортаны қорғау саласындағы әлеуметтік және кәсіби жауапкершілік шараларын; еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын.
Достарыңызбен бөлісу: |