Магистранттар мен докторанттардың кәсіби іс-тәжірибелерін ұйымдастыру
Ережелері
Қолдану саласы
Осы ереже Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі магистранттар мен докторанттардың зерттеушілік, педагогикалық және өндірістік практикалардан өту тәртібі мен формасын реттейді.
Осы ереже Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кафедраларында қолдануға міндетті болып табылады.
2.Нормативтік сілтемелер
Осы Ереже мыналарға сәйкес әзірленді:
- ҚР27.07.2007ж. «Білім туралы»Заңына, 09.04.2016 ж. №501-V өзгертулері және толықтыруларымен;
- ҚР Үкіметінің 23.08.2012 жылғы №1080 қаулысымен бекітілген, 13.05.2016ж. №292 өзгертулері және толықтыруларымен Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына.
3.Анықтамалар, терминдер мен қысқартулар
Осы Ережеде келесідей терминдер мен анықтамалар қолданылады:
докторантура – жоо кейінгі білім, оның білім бағдарламасы ғылыми, педагогикалық және (немесе) кәсіби қызмет үшін мамандар даярлап, философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор дәрежесін беруге бағытталған;
докторант–докторантурада оқитын тұлға;
магистратура – жоо кейінгі білім, оның білім бағдарламасы тиісті мамандық бойынша «магистр» дәрежесін беру арқылы мамандар даярлауға бағытталған;
магистрант–магистратурада оқитын тұлға.
Осы Ережеде келесі қысқартулар қолданылады:
Достарыңызбен бөлісу: |