Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48



бет48/189
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#58660
түріПравила
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   189
ғылыми-зерттеушілік
– оқу топтарында оқу және ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып отыру;
– оқу тобының конструкторлық-технологиялық, тәжірибелік-сынамалық және ғылыми қызметтеріне басшылық ету;


тәрбиелік
– білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу процесін жетілдіру кезінде кәсіби педагогика мен психология жетістіктерін пайдалану;
–стандарттан тыс педагогикалық ахуалдарда ұтымды шешімді таңдауға талдау жүргізу;
– білім алушылардың тұлғалық және кәсіби қасиеттерін қалыптастыру;
– оқу процесінде қолайлы білімдік-тәрбиелік атмосфера жасау.
9.Зерттеушілік практиканың міндеттері мына икемділіктерді қалыптастырумен тұжырымдалады:
- ғылыми зерттеулер процесін ұйымдастыру, жоспарлау және іске асыру;
- зерттеулер саласында түрлі теориялық тұжырымдамаларды талдау, бағалап, салыстыру және тұжырым жасау;
- түрлі көздерден алынған ақпараттарды талдау және өңдеу;
- заманауи теориялар мен талдау әдістері негізінде, академиялық тұтастықты сипаттайтын өз бетінше ғылыми зерттеулер жүргізу;
- ғылыми таным шекарасын кеңейте отырып, өзінің жаңа ғылыми идеяларын туындату, өзінің білімдері мен идеяларын ғылыми қауымдастыққа хабарлау;
- заманауи зерттеу методологиясын таңдап, тиімді пайдалану;
- өзінің әрі қарайғы кәсіби дамуын жоспарлау және болжау.
Зерттеушілік практиканың мазмұны магистратура мен докторантурада білім алушының диссертациялық зерттеу тақырыбымен айқындалады.
10.Өндірістік практиканың негізгі міндеттері болып табылады:
– мамандық бейіні бойынша кәсіби және еңбек дағдыларын қалыптастыру;
– сәйкес саланың кәсіпорнының, ұйымы немесе мекемесінің жұмыс ерекшеліктерін, оның ішінде өндірістік процестерді ұйымдастыру және басқаруды үйрену;
– заманауи басқару қызметінің негізгі дағдыларын игеру (бөлімше қызметін жоспарлау, проблемаларды шешу, басқарушылық шешімдерді қабылдау, қызмет процестері мен нәтижелерін бақылау).
Өндірістік практика келесі қызмет түрлерін қамтиды:
– кәсіпорын қызметін ұйымдастырумен, негізгі нормативтік және реттеуші құжаттармен танысу;
– жабдықтармен, аппаратурамен, бақылау-өлшеу аспаптарымен, құралдармен және т.с.с. танысу;
– негізгі өндірістік және басқару процестерін үйрену;
– кәсіпорын қызметкерлерінің қызметтік міндеттері аясында еңбек операцияларын орындау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет