Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48


Кәсіптік практикаларды ұйымдастыру және өткізу



бет49/189
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#58660
түріПравила
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   189
6. Кәсіптік практикаларды ұйымдастыру және өткізу

11.Кәсіптік практикаларды өткізу практика базасында жүргізіледі. Зерттеушілік практика базасы ретінде, ереже бойынша, университеттің факультеттері мен бөлімшелері, педагогикалықта – мектептер, колледждер, Қызылорда қаласының жоо-ы, өндірістік практикада – ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар және басқалар шығады. Жоо кейінгі білімнің оқу бағдарламаларының зерттеушілік практикасы тағы ғылыми-зерттеу институттары мен зерттеу ұйымдарының базасында ұйымдастырыла алады.


12. Кәсіптік практикалардың мерзімі, ұзақтығы мен мазмұны университеттің практикалар бойынша академиялық күнтізбесі және бағдарламаларымен айқындалады.
13. Жасалған келісімшартқа сәйкес кәсіптік практиканың ұйымдастырылуы мен өтуіне университет басшылығы мен практика базаларының басшылығы жауапкершілік арқалайды.
14. Практикаға оқу-әдістемелік басшылық пен оның орындалу сапасына бақылау жасауды білім алушыны даярлап жатқан бітіртуші кафедра жүргізеді.
15.Бітіртуші кафедрапрактиканттарға даярлық оқытуын жүргізеді, ол білімалушының жеке жұмыс жоспарын жасау кезеңінде практикалардың әр түрінің мақсаттары және міндеттерімен, практикаға арналған тапсырмалар түрлерімен, практика бағдарламаларын жасауға қойылатын талаптармен, практика нәтижелерін өңдеу және ресімдеу ережелерімен, практика бойынша есеп беруді қорғау ісімен және т.б. таныстыруды қамтиды.
16.Бітіртуші кафедралар магистратура/докторантура практикаларының бағдарламаларын жасайды және практиканттарды қажетті оқу-әдістемелік құжаттамамен қамтамасыз етеді.
17. Кәсіптік практикаға, ереже бойынша, магистранттың/докторанттың ғылыми жетекшісі тікелей басшылық жүргізеді. Практика жетекшілері ректордың бұйрығымен бекітіледі.
18. Практика жетекшісі:
– практиканы ұйымдастыру, жоспарлау және нәтижелерін есепке алуды қамтамасыз етеді;
– магистранттың/докторанттың кәсіптік практикадан өтуінің дербес бағдарламасын бекітеді;
– педагогикалық практика өткізу базасы ретінде пән мен оқу тобын, зерттеушілік/кәсіптік практика базасы ретінде – ұйымды немесе кәсіпорынды іріктейді;
– білім алушы кәсіптік практикадан өту кезінде ғылыми және әдістемелік көмек көрсетеді;
–практиканттың жұмысын бақылауды, практиканы ұйымдастырып, өткізудегі кемшіліктерді жою шараларын қабылдайды;
– кәсіптік практика нәтижелеріне талдау жасап, баға береді, практикадан өту қорытындылары туралы қорытынды пікір береді;
– практиканың оқу-әдістемелік тәжірибесін тұжырымдайды, оны оңтайландыру мен жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
19. Педагогикалық практикаға бейіндендіруші кафедраның профессорлары мен доценттері «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушыларымен тығыз байланыста әдістемелік басшылық жүргізеді.
20. Практика қорытындылары бойынша білім алушылар жүргізілген жұмыстардың көлемі мен деңейіне сәйкес есептер береді. Практика жетекшісі оның қорытындылары мен практиканттардың есептерін қарау арқылы практика қорытындылары туралы қорытынды шығарады.
21. Практикалар бойынша есептер мен жетекшілердің қорытындыларын бітіртуші кафедрада құрылған арнайы комиссия тыңдап, практика қорытындыларының бағасы туралы шешім қабылдайды.
7.Практиканттардың құқықтары мен міндеттері

23. Магистратура мен докторантураныңбілім алушылары кәсіптік практикалардан өткен кезде (практиканттар) практика барысында туындаған барлық мәселелер бойынша практика жетекшілеріне жүгінуге, практиканы ұйымдастыруды жетілдіру туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.


24. Педагогикалық практикадан өту кезінде практиканттар сабақ беру әдістемесін үйрену, озық педагогикалық тәжірибемен танысу мақсатында алдын ала келісім бойынша, университеттің жетекші оқытушыларының оқу сабақтарына қатысуға құқылы.
25. Практиканттар кәсіптік практиканың бағдарламасында көзделген барлық жұмыс түрлерін орындауға міндетті.
26. Практиканттар университеттің ішкі тәртіп ережелеріне, әкімшілік пен практика жетекшілерінің өкімдеріне, қауіпсіздік техникасының талаптарына, сондай-ақ практика базасы қызметін атқаратын ұйымның ішкі тәртіп ережелеріне бағынады.
27. Практика бағдарламасына сәйкес практиканттар практика аяқталғаннан кейін, белгіленген мерзім ішінде дер кезінде есептік құжаттамаларды ұсынуға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет