- Осы Ережеде белгіленген міндеттерді сапалы және мерзімінде орындауға Эдвайзер толығымен жауапты болып табылады.
- Өз міндеттеріне жауапкершіліксіз қараған Эдвайзер факультет деканы және кафедра меңгерушісінің ұсынысымен Эдвайзер қызметінен босатылады.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің
ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1. ҚОЛДАНУ АЙМАҒЫ
1.1 Ереже Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетте (әрі қарай Қорқыт Ата атындағы ҚМУ) басқарудың алқалы органдары болып табылатын ғылыми- әдістемелік кеңестің мүшелерін сайлау тәртібін және Ғылыми-әдістемелік кеңес (бұдан әрі – ҒӘК) қызметін ұйымдастыру тәртібін анықтайды.
2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
2.1 ҒӘК университетте оқу үдерісін жетілдіруде және мамандарды даярлаудың сапасын арттыруда оқу - әдістемелік жұмыстарды үйлестіреді.
2.2 ҒӘК университет ректоры бұйрығымен құрылады, қайта құрылады және таратылады.
2.3. ҒӘК өз қызметінде басшылыққа алады:
Қазақстан Республикасының Қонституциясын;
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары мен қаулыларын;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық құжаттарын;
Университеттің СМЖ құжаттарын;
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Жарғысын;
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ішкі тәртіп Ережесін;
Осы Ережені.
2.4 Университет басшылығы ҒӘК қызметіне қажетті жағдай жасайды.
3. НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ
Міндеттері:
оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз етудің сапа мониторингісін ұйымдастыру;
университетте шығарылатын оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, құралдарға және басқа да материалдарға сараптаманы және басып шығаруға ұсынымды ұйымдастыру;
университеттегі оқу үдерісін жетілдіру және әдістемелік қамтамасыз ету;
оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі озық тәжірибелерді тарату;
біліктілікті арттыру, педагогикалық және ғылыми кадрларды қайта даярлау және аттестаттау жүйесін жетілдіру, оқу үдерісінің мазмұнын талдау;
сапа менеджменті жүйесін дамыту және оқу үдерісіне әдістемелік әзірлемелердің нәтижесін енгізу жөніндегі ұсынымдарды дайындау;
университетте әдістемелік жұмыстарды үйлестіру;
университеттегі білім беру үдерісіне жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу, жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
педагогтік ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;
білім беруді дамыту және басым бағыттарды қалыптастыру, оны іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Бағыттары:
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарын ескере отырып, жұмыс оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын сараптауын ұйымдастыру;
университетте әдістемелік қамтамасыз етуге байланысты нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
профессор-оқытушылар құрамының даярлаған оқу (оқу-әдістемелік) құралдар (оның ішінде электрондық түрде) және дидактикалық материалдарды талдау, олардың баспадан шығарылуына ұсыныс беру;
өндіріс пен ғылыми технологиялардың басым бағыттарын болжау негізінде университет мамандықтарының тізбесін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды талқылау;
оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және университет профессор-оқытушы құрамына практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстардың әртүрлі нысандарын енгізу мәселелерін қарау;
білім алушылардың өздік жұмысын және оқытушының қолдауымен өткізілетін өздік жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз ету;
оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру, өткізу;
ҚР БҒМ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарына талдау жүргізіп, жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау;
оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу және оқытудың автоматтандырылған жүйесін бағдарламалық қамтамасыз ету;
білім беруді ақпараттандыру және озық педагогикалық іс-тәжірибені тарату;
оқу үдерісін оқу әдебиеттермен және әдістемелік әзірлемелермен қамтамасыздандырылуының мониторингісін жүргізу.
4. УНИВЕРСИТЕТ ҒӘК ҚҰРАМЫН САЙЛАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
Кеңестің құрамына факультет өкілдері, кафедраның жетекші оқытушылары, әдіскерлер, құрылымдық бөлімше басшылары кіреді. Кеңестің құрамы университет ректоры бұйрығымен бекітіледі.
Кеңестің жалпы басшылығын оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректор жүргізеді.
Кеңес мүшелерінен ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
Кеңестің қызметі университет Ғылыми Кеңесімен бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Кеңестің отырысы екі айда бір рет өткізіледі.
ҒӘК отырысында қаралған мәселе қатысып отырған кеңес мүшелерінің басым көпшілік дауысы нәтижесі бойынша қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. Отырыстың хаттамалары мен ҒӘК шешімдеріне Кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.
Егер ҒӘК отырысында оның мүшелерінің үштен екі бөлігі қатысып отырса, онда Кеңес құқығы өкілетті деп табылады.
5. УНИВЕРСИТЕТ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫС
ҒӘК келесі университет құрылымдық бөлімшелерімен өзара байланыс жасайды:
5.1 Университет Ғылыми Кеңесімен:
- ҒӘК жылдық жұмыс жоспарын бекітуде;
- ҒӘК төрағасының қызмет нәтижелері туралы есеп беруде.
5.2 Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен:
- оқу үдерісін ұйымдастыру және жетілдіру мәселелерін қарастыруда;
- практикаларды ұйымдастыру және өткізу мәселелерін талқылауда;
-үш тілде білім беру мәселелерін қарастыруда.
5.3 Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментімен:
- ғылыми-инновациялық әлеуетті дамыту;
- білім, ғылым және өндіріс салаларындағы интеграцияны тереңдету бағытындағы
жұмыстарын үйлестіруде;
5.4 Ақпараттық технологиялар басқармасымен:
- ҒӘК бекіткен оқу құралдарының электрондық нұсқасын шығару жұмыстарын ұйымдастыруда;
5.5 Сапа менеджменті және ақпараттық сараптама бөлімі:
- университетте сапа менеджмент жүйесінің қызметі туралы мәлімет беруде.
5.6 Оқу процесін тіркеуші офисімен:
- білім алушылардың біліміне, үлгеріміне бақылау ұйымдастыруды жетілдіруде;
- ішкі ережелерді бекітуде.
5.7 Факультет, кафедралармен:
- ҒӘК-ке оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстары және озық іс-тәжірибені тарату мәселелері бойынша мәлімет беруде;
- оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, құралдарды және басқа да материалдарды басып шығаруға ұсыным жасауда;
6. ЕРЕЖЕНІ ҚАЙТА ҚАРАУ
6.1 Ереже келесі жағдайда қайта жасалады:
- университет құрылымына өзгерістер енгізілгенде;
- ҒӘК-ке жүктелген міндеттері мен қызметі өзгерген жағдайда.
Ереже Ғылыми-әдістемелік кеңесінде қаралды
Хаттама № «____» «____________________» 2016 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |