1. Осы Ереже жоғары және жоо кейінгі білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің білім беру қызметін ұйымдастыруға қойылатын бірыңғай талаптарды белгілейді.
2. Университеттің даму стратегиясына сәйкес әдістемелік бюро қызметінің басым бағыттары болып табылады:
- университеттік білімнің бірыңғай, органикалық өзара байланысты, үздіксіз жүйесін құру;
- сыртқы және ішкі еңбек рыногында ойдағыдай бәсекелесе алатын заманауи маман моделін әзірлеу;
- білім алушының жеке ниеті мен мүмкіндіктеріне сәйкес түрлі білім деңгейін алуын кең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету;
- барлық деңгейдегі білім бағдарламаларының қарқындылығы мен бейімділігін қамтамасыз ету;
- алынған тәжірибе базасында және отандық, шетелдік әріптес жоо тәжірибелерін пайдалана отырып, университет көрсететін білім беру қызметтерінің сапасы мен деңгейіне кешенді диагностика жүйесін іске асыру;
- факультет ОПҚ оқу құралдарын, оқулықтарын әзірлеу, баспадан шығару және оқу процесіне енгізу;
- білім беру қызметін ақпараттандыру жүйесін одан әрі енгізу шараларын жүргізу;
- қашықтықтан оқыту технологиясын пайдаланып оқу процесін ұйымдастыруды жетілдіру.
3. Әдістемелік бюро факультеттің жұмыстық органы болып табылады және бакалавриат, магистратура мен докторантурада оқу-әдістемелік жұмысты үйлестіру және жетілдіру, инновациялық және компьютерлік технологияларды оқу процесіне енгізу, қашықтықтан оқыту технологиясын, оқытушы-профессор құрамының біліктілігін жоғарылату және бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандар даярлау жүйесін жетілдіру, қосымша білім беру қызметерінің түрлері мен формаларын кеңейту және Қорқыт Ата атындағы ҚМУ даму стратегиясының бағыттары бойынша басқа жұмыстар орындау мақсатында ұйымдастырылады.
4. Факультеттің әдістемелік бюросы өз жұмысында ҚР Білім және ғылым министрлігінің және Қорқыт Ата атындағы ҚМУ нормативтік құжаттарын басшылыққа алады.
5. Әдістемелік бюроның құрамы мен саны Факультет кеңесінде анықталып, бекітіледі.
Әдістемелік бюроның басшы органы төраға, төрағаның орынбасары және хатшыдан тұрды, олар әдістемеліке бюро мүшелерінің қатарынан сайланады.
6. Әдістемелік бюроның төрағасына жүктеледі:
- факультеттің әдістемелік бюро жұмысын ұйымдастыру;
- әдістемелік бюроның жұмыс жоспарын жасау және орындау;
- университеттің Ғылыми және Ғылыми-әдістемелік кеңестерінің шешімдерін, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғылыми-әдістемелік конференциялары мен дөңгелек үстелдерінің ұсынымдарын жүзеге асыру;
- факультеттің әдістемелік бюро жұмысы туралы жылдық есептерді дайындау.
7. Әдістемелік бюро төрағасының орынбасары құжаттамалардың жүргізілуіне, хатшы – құжаттамалардың техникалық рәсімделуіне жауап береді.
Әдістемелік бюроның басқа мүшелеріне келесі қызметтік міндеттер жүктеледі:
- факультет деңгейінде ғылми-әдістемелік семинарлар ұйымдастырып, өткізу және факультет ОПҚ-ң Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғылыми-әдістемелік конференцияларына қатысуы;
- кафедралардың әдістемелік комиссияларына кеңес беру көмектерін көрсету, факультеттің әдістемелік бюросының бұрын қабылдаған шешімдерінің орындалуына жүйелі бақылау жасау және тексеру нәтижелері туралы факультеттік әдістемелік бюроның мәжілістерінде мезгіл-мезгіл есеп беру;
- оқу-әдістемелік әдебиеттерді, ғылыми-әдістемелік конференция материалдарын талқылау мен жариялауға ұсынуды ұйымдастыру, оқу процесінің заманауи оқулық және ғылыми әдебиеттермен, оның ішінде электронды тасымалдағыштардағылармен қамтамасыз етілуіне бақылау жасау;
- оқу пәндерін оқыту, сабақ беру әдістемесі, барлық оқыту мерзімдері мен түрлерінің оқу жоспарларын, жұмыстық бағдарламаларды жетілдіру жағдайына, тест тапсырмаларының мазмұнына, емтиханға дайындалуға арналған сұрақтардың сапасына бақылау жасау;
- оқытудың жаңа технологиялары мен белсенді формаларын, оқытушылардың ғылыми әзірленімдерінің нәтижелерін оқу процесіне енгізу;
- ағымды, аралық, қорытынды және мемлекеттік аттестаттау сұрақтарының мазмұнын бақылау.
Әдістемелік бюроның жұмысы бір оқу жылына жасалған жоспар бойынша жүреді. Жұмыс жоспарын жасау кезінде университеттің Даму стратегиясын, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ғылым мен көптілді білімді дамыту тұжырымдамасын, факультет кеңесінің жұмыс жоспарын, сондай-ақ университеттің Академиялық мәселелер жөніндегі департаментінің жұмыс жоспарын басшылыққа алу қажет.
Әдістемелік бюроның мәжілісі қажетіне қарай, бірақ кемінде айына бір рет өткізіледі. Әдістемелік бюроның мәжілісінде талқыланған мәселелер бойынша шешімдер әдістемелік бюро мәжілісінде әдістемелік бюро мүшелерінің ашық және көпшілік дауыс берумен қабылданады.
Әдістемелік бюро атқарылған жұмыстар туралы Факультет кеңесінің мәжілістерінде мезгіл-мезгіл есеп беріп отырады, оқу жылының соңында Факультет кеңесіне жазбаша есеп ұсынады.
Барлық оқу түрі бойынша оқу процесін жетілдіруге бағытталған кафедра жұмысының тәжірибесін тұжырымдау нәтижесі болып табылатын Әдістемелік бюроның ұсынымдары Факультет кеңесінің мәжілістерінде талқыланып, бекітіледі.
Әдістемелік бюроның тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін Факультет бөледі:
- әдістемелік бюроның мәжілісін өткізу және ағымды жұмыс жүргізу үшін бөлме;
- әдістемелік бюроның құжаттарын сақтау үшін сейф;
- оқу-әдістемелік құжаттамаларды техникалық рәсімдеу үшін компьютер.