ПӘННІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ РӘСІМДЕУ ЕРЕЖЕСІ
1.Пайдалану аймағы Оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу және рәсімдеу туралы Ереже (бұдан әрі Ереже) мамандықтардың оқу-әдістемелік кешенін және пәндердің оқу-əдістемелік кешендерін жасауға жəне рəсімдеуге қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
2. Нормативтік сілтемелер Ереже төмендегі нормативтік құжаттарды негізге ала отырып жасалған:
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы
№ 1080 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» (ҚР Үкіметінің 13.05.2016 № 292 өзгерістер енгізілген);
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 20 сәуірінде № 152 бұйрығымен бекітілген «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидалары» (ҚР Білім және ғылым министрінің 28.01.2016 № 90 өзгерістер енгізілген);