Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48


АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ



бет50/189
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#58660
түріПравила
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   189
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ


1. Негізгі ережелер



  1. Бұл Ереже Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (ары қарай – Қрқыт Ата атындағы ҚМУ) білім алушылары мен қызметкерлерінің академиялық ұтқырлығын ұйымдастырудың жалпы тәртібін анықтайды және білім сапасын арттыру, шетелдік және отандық университеттер мен ЖОО-дарымен ынтымақтастықты ары қарай кеңейту және нығайту мақсатында жасалды.

  2. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде шетелдік іссапарлардың тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру, қаржы көздерін рационалды пайдалану мақсатында шетелге шығу жөніндегі комиссия (ары қарай – Комиссия) үздіксіз жұмыс істейді. Комиссия қызметін құру және ұйымдастыру тәртібі университеттің сәйкес нормативті актілерімен регламенттеледі.

  3. Университеттің бюджеттік және/немесе бюджеттік емес қаржыларының есебінен, сонымен қатар шақырушы жақ пен өзінің есебінен университет қызметкерлері мен білім алушыларының академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша жақын және алыс шет елдеріне іссапары тек қана Комиссия шешіміне байланысты іске асады.

  4. Академиялық ұтқырлық – өзі оқитын жоғары оқу орынындағы білім беру бағдарламаларын меңгеруін кредит түрінде міндетті түрде қайта есептей отырып білім алушылардың белгілі бір академиялық кезеңде: семестр немесе оқу жылында білім алу үшін басқа (мемлекет ішіндегі немесе шетелдік) жоғары оқу орнына ауыстырылуы немесе басқа жоғары оқу орынында білімін жалғастыруы; 10 күн мен бір оқу жылының аралығында зерттеу жүргізу және тағылымдамадан өту үшін шетелдік жоғары оқу орындарына білім алушыларды, зерттеуші-оқытушыларды ауыстыру.

  5. Академиялық ұтқырлықтың түрлері: білім беру тағылымдамасы, ғылыми тағылымдама.

  1. Білім беру (академиялық) тағылымдамасы – білім алушының жеке оқу жоспарының немесе отандық немесе шетелдік ЖОО-да оқытылуы мүмкін пәндер көрсетілетін халықаралық (сонымен қатар бірлескен) білім беру бағдарламасының негізінде білім алуы, біліктілігін арттыруы немесе қайта даярлауы.

  2. Ғылыми (зерттеу) тағылымдамасы – басқа ЖОО-лар мен елдердің кітапхана қорлары мен басқа да ресурстары негізінде бітіру жұмысын, диссертация, мамандық бойынша монография жазу және/немесе оқулық, оқу құралын дайындау үшін ғылыми- теориялық және ғылыми-тәжірибелік сипаттағы ақпараттар мен материалдарды жинау, талдау бойынша атқарылатын қызмет.

  1. Академиялық ұтқырлықтың түрлері: жеке, топтық (ұжымдық), ішкі (мемлекет ішінде) академиялық ұтқырлық, сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық, кіріс (халықаралық) ұтқырлық, қысқа мерзімді академиялық ұтқырлық және ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлық.

  1. Жеке академиялық ұтқырлық – білім алушыны белгілі мерзімге білім алу, білім беру, зерттеулер жүргізу немесе біліктілігін арттыру үшін басқа білім беруші немесе ғылыми мекемеге (өз еліндегі немесе шетелдегі) ауыстыру (меңгерген білім беру бағдарламаларын өз ЖОО-да кредиттер түрінде міндетті түрде қайта есептей отырып және ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлық жағдайында басқа ЖОО-да оқуын жалғастыру үшін).

  2. Топтық академиялық ұтқырлық – білім алушыларды оқытушының жетекшілігімен немесе өздерін топтың құрамында белгілі мерзімге білім алу, білім беру, зерттеулер жүргізу немесе біліктілігін арттыру үшін басқа білім беруші немесе ғылыми мекемеге (өз еліндегі немесе шетелдегі) ауыстыру (меңгерген білім беру бағдарламаларын өз ЖОО-да кредиттер түрінде міндетті түрде қайта есептей отырып және ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлық жағдайында басқа ЖОО-да оқуын жалғастыру үшін).

  3. Ішкі академиялық ұтқырлық – бұл білім алушылардың, оқытушы-зерттеушілердің кредиттік білім беру бағдарламасын өзі оқып жатырған жоғары оқу орнында міндетті оқыту үшін немесе өзге жоғары оқу орнында жалғастыру үшін, сонымен қатар зерттеулер жүргізу үшін белгіленген академиялық мерзімге: семестр/ оқу жылында Қазақстанның өзге жоғары оқу орнына барып- келуі.

  4. Сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық -бұл білім алушылардың, оқытушы- зерттеушілердің кредиттік білім беру бағдарламасын өз жоғары оқу орнында міндетті оқыту үшін немесе өзге жоғары оқу орнында жалғастыру үшін, сонымен қатар зерттеулер жүргізу үшін белгіленген академиялық мерзімге: семестр/ оқу жылында шетелдік жоғары оқу орнына барып-келуі.

  5. Кіріс (халықаралық) академиялық ұтқырлық – шетелдік білім алушылардың оқу үшін, зерттеулер жүргізу үшін немесе тағылымдамадан өту үшін 10 күннен 1оқу жылына дейінгі мерзімге шетелдік жоғары оқу орындарынан келуі.

  6. Қысқа мерзімді академиялық ұтқырлық – білім алушылардың шетелдік оқу орнына және шетелдік оқу орнынан 10 күннен 4 айға дейінгі мерзімге баруы немесе келуі.

7)Ұзақ мерзімді академиялық ұтқырлық – білім алушылардың шетелдік оқу орнына және шетелдік оқу орнынан 4 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге баруы немесе келуі.

  1. Ақпараттық пакет – мемлекеттік, ағылшын немесе орыс тіліндегі пәндер каталогы. Ақпараттық пакетте оқу орнының маңызды – академиялық, ұйымдастыру-әдістемелік, ғылыми қызметтері сипатталады және қосымша ақпарттар (спорттық-бұқаралық шаралар, мәдени қызмет көрсетуі, материалдық-техникалық база туралы) кіреді.

  2. Университет білім алушылары шетелдік жоғары оқу орындарына білім алу және ғылыми іссапарлар мен тағылымдамаларға баруға құқылы.

9.Академиялық ұтқырлықтың мақсат-міндеттері және жалпы қамсыздандыру мен іске асыру ережелері Болон декларациясының негізгі қағидаларына сәйкес келеді.

  1. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ білім алушыларының академиялық ұтқырлығы жоғары оқу орындары арасындағы келісімдер немесе бірлескен жобалар: ішкі акдемиялық ұтқырлық бойынша үш жақты – білім алушы, жіберетін және қабылдайтын жоғары оқу орындары арасындағы келісімдер мен сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша шақыру шеңберінде жүзеге асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет