Оқыту әдісі білім беру бағдарламасының қалай игерілгеніне байланысты мысалы, күндізгі, сырттай, тәжірибеден өтуді қоса алғанда.
Мүмкіндігінше біліктілікті алу үшін төменгі стандарттарды орындау талаптары көрсетіледі, мысалы, кез келген міндетті компоненттердің немесе міндетті практикалық сабақтардың болуы, бітіру жұмысын жазуды реттейтін ережелердің болуы.Егер пәндер арасындағы кредиттік бөлу туралы ақпарат бар болса, ол осы бөлімге енгізілуі тиіс.
Әрбір жеке модуль және оқу жоспары толық сипатталады. Нақты белгілері және/немесе біліктітіктің әрбір модулі үшін алынған бағалары тізімделеді. Ақпарат мүмкіндігінше толық болуы тиіс. Барлық емтихандар мен бағалау шаралары және/немесе,курстық жұмыстар/жобалар және бітіру жұмысы туралы ақпаратты қоса алғанда, емтихан тапсыруға ұсынылған білім саласысипатталады. Бітіру біліктілік жұмысын қорғау жағдайлары көрсетіледі (мысалы, көпшілік алдында қорғау).
Қарастырылып отырған біліктілік аясында білім алушылардың аттестациясында қолданылатын бағалау жүйесі мен шектік балл туралы ақпарат ұсынылады.
Мүмкіндігінше соңғы біліктіліктің толық жіктелуі көрсетіледі, мысалы үздік бірінші класс дәрежесі, Summa Cum Laude,Merit, Avec Distinction, және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |