Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48


ЖАС ОҚЫТУШЫЛАР МЕКТЕБІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ



бет137/189
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#58660
түріПравила
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   189
ЖАС ОҚЫТУШЫЛАР МЕКТЕБІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

1. Негізгі ережелер
1. Жас оқытушылар мектебі туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына (2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Жарлығымен бекітілген, 2011 жылғы 24 қазандағы №487, 2012 жылғы 9 қаңтардағы №535, 2012 жылғы 10 шілдедегі 36, 2014 жылғы 18 ақпандағы №175, 2015 жылғы 21 шілдедегі №337,  2015жылғы 13 қарашадағы №398,  2015 жылғы 24 қарашадағы №419 Жарлықтармен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 29 қарашадағы №583 бұйрығымен бекітілген «Оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен жүзеге асырудың ережесіне» сәйкес дайындалды.
2. Ереже Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіндегі (бұдан әрі - университет) жас оқытушылар мектебінің қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
3. Жас оқытушылар мектебі университеттің ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
4. Жас оқытушылар мектебінің мақсаты – университет кафедраларында ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі 5 жылға толмаған жас оқытушылардың оқу сабағына дайындалуына және оны ұйымдастыру мен өткізуіне тәжірибелі профессор-оқытушылардың оқу-әдістемелік тұрғыдан көмектесуін, педагогикалық тәлімгер ретінде кеңес беруін жүзеге асыру.
5. Жас оқытушылар мектебінің міндеттері:
- жас оқытушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту, олардың кәсіби өсуі мен тұлғалық дамуына ықпал жасау;
- жас оқытушыларды университеттегі ғылыми-педагогикалық қызметке бейімдеу;
- тәжірибелі профессор-оқытушылардың педагогикалық шеберлігін кеңінен тарату;
- тәжірибелі профессор-оқытушылар мен жас оқытушылардың бірлескен әріптестік ғылыми-педагогикалық қызметін қамтамасыз ету.
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет