3. Жатақхана әкімшілігінің міндеттері
17. Жатақхананың материалдық базасының, тұрмыстық-шаруашылық заттарының сақталуына, жатақханада тұрушылардың тұрмыстық қажеттіліктерін (ас дайындау, жуыну бөлмелерінің, дәретханалардың қалыпты жұмысын) қамтамасыз етуге жатақхана әкімшілігі жауапты.
18. Жатақхана әкімшілігі міндетті:
жатақханада қызмет көрсетуші жұмысшыларды белгіленген тәртіп бойынша жасақтауға;
еңбекті қорғау ережелері мен санитарлық талаптарға сәйкес барлық бөлмелерді қажетті жылу және жарықпен қамтамасыз етуге;
жатақхана аумағында күзет қойып, рұқсатнамалық режимінің орындалуын қадағалауға;
тұрғындардың жатақханада өз бетімен тазалық жұмыстарын жүргізуіне қажетті құрал-саймандармен қамтамасыз етуге;
жатақхананың жиһаздары мен мүліктерінің, қондырғыларының үздіксіз жұмыс жасап тұруын қамтамасыз етуге, істен шыққан жағдайда жөндеу жұмыстарын жүргізуге;
жатақхана тұрғындарына арналған коммуналдық-тұрмыстық қызметтердің, өз бетімен сабаққа дайындалатын бөлмелердің, мәдени іс-шаралардың белгілі бір тәртіппен жүргізілуін ретке келтіріп, сондай-ақ оның орындалуын бақылауға;
тұрғындар үшін қызмет көрсету, еңбек, тұрмыс пен демалыс шарттарын жақсарту мәселелерінде өзін-өзі басқаруды дамыту үшін жатақхана кеңесіне көмек беруге;
жатақхана тұрғындарының баспаналық-тұрмыстық жағдайларды жақсарту туралы ұсыныстары мен ескертулерін ескеруге;
жатақхана мен оның бөлмелерін жүйелі түрде аралап көруге, сонымен қатар ондағы санитарлық-техникалық және өзге де қондырғыларды алдын-ала тексеруден өткізіп тұруға;
жатақхананы, ондағы тұрмыстық қондырғыларды қысқы жылыту мерзіміне алдын-ала дайындауға.
жатақхана тұрғыны ауырып қалған жағдайда жедел медициналық көмек көрсету, қажет болса ауруханаға жатқызу шараларын қабылдауға.
Достарыңызбен бөлісу: |