Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48


Жатақханада тұратын білім алушылардың құқықтары мен міндеттері



бет162/189
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#58660
түріПравила
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   189
5. Жатақханада тұратын білім алушылардың құқықтары мен міндеттері

24. Жатақханада тұратын білім алушылар құқылы:



    • тұрмыстық, оқу, мәдени-қоғамдық және спорттық сауықтыруға арналған бөлмелерді, жатақхана жабдықтары мен мүліктерін пайдалануға;

    • жатақхананың өзін-өзі басқару қызметіне сайлануына немесе сайлауға, олардың жұмысына қатысуға;

    • жатақхана кеңесі арқылы жатақхананың тұрмыстық қамтамасыз етілуі, тәрбие жұмыстары мен бос уақыттың ұйымдастырылуы, тұрғын орындарды, жеке жұмыстарға арналған бөлмелерді құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және безендіру сұрақтарын талқылауға қатысуға.

25. Жатақханада тұрушылар міндетті:

  • жатақханада тұру үшін төлемақыны жылына екі рет жасауға, оқу жылы басталғанға дейін жатақхана әкімшілігіне төлеу туралы түбіртек көшірмесін тапсыруға;

  • жатақхананың бөлмелеріне, құрал-жабдықтарына және мүлкіне ұқыптылықпен қарауға, ҚР заңнамасына сәйкес өзіне жеке қолданысқа берілген мүлікке материалдық жауапкершілікті алуға;

  • жоғалған немесе бүлінген мүлік пен құрал-жабдықтардың құнын төлеуге, университетке келтірілген басқа да залалдардың ақысын өтуге;

  • тұратын бөлменің жөндеу жұмыстарына қатысуға;

  • университет қызметкерін бөлменің техникалық жағдайын, ондағы санитарлық-техникалық жабдықтарды тексеру және басқа да жұмыстарды атқару үшін бөлмеге кіргізуге;

  • бөлмеде, оның ішіндегі жабдықтарда ақаулар тапса тез арада олардың алдын алу шараларын қолданып, міндетті түрде жағдайды жатақхана әкімшілігіне жеткізуге;

  • бөлменің тиісті санитарлық-техникалық тазалығын қадағалау, бекітілген кесте бойынша тұрғын орындарында және жалпы қолданыстағы жерлерде, қызметкерлердің орындарында және тұратын бөлмелерінде тазалық жұмыстарын жүргізуге.

  • санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды сақтауға;

  • электр қуатын және суды, жылуды үнемдеп пайдалануға;

  • рұқсат етілген тұрмыстық электр құрылғыларын пайдалану бойынша нұсқауларды сақтауға;

  • сағат 23:00-ден 6:00-ге дейін жатақханада тыныштық сақтауға;

  • әрбір қабат пен подьездердің жетекшілерінің, жатақхана кеңесінің және жатақхана әкімшілігінің тапсырмалары мен талаптарын орындауға;

  • жатақханада өткізілетін жиналыстарға, тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарына белсене қатысуға;

  • кезекшілік кестесі бойынша кезекшілікті уақытылы атқаруға;

  • күзетшіге рұқсат қағазын көрсетуге;

  • жатақханаға жазғы және көктемгі маусым аралығында сағат 23.00-ден, қысқы мезгілде 22.00-ден кейін кешігіп келмеуге және осы уақыттан кейін жатақхананың басқа тұрғындарының бөлмесіне кірмеуге;

  • хабарлама тақтасындағы ақпаратпен күнделікті танысуға;

  • тұрғын орынды жалға алу туралы келісімшартқа сәйкес жатақханадан шығарылған кезде (сонымен қатар демалысқа кеткенде) бөлмені және өзіне бекітілген барлық төсек жабдықтарын комендантқа тапсыруға;

  • жатақхананың рұқсатнамалық тәртібін орындауға, бөлмесінің қосымша кілтін жатақхананың әкімшілік өкіліне тапсыруға.

26. Жатақханада тұрушыларға тыйым салынады:

  • жатақхана әкімшілігінің рұқсатынсыз қосымша электр жылыту құралдарды орнатуға;

  • бөгде адамға өз рұқсаттамасын беруге және оны жатақханада қонуға қалдыруға;

  • жатақханада ішімдік ішуге және/немесе мас, есірткі қолданған күйде келуге;

  • дәрігердің белгілеуінсіз есірткі заттарын немесе психотропты дәрілерді қабылдауға, есірткі және психотропты дәрілерді сақтауға, таратуға;

  • белгіленген арнайы орыннан басқа жатақхана аймағында темекі шегуге;

  • жатақхана территориясына қару, соның ішінде пневматикалық, зақымдаушы және суық қару, жарылғыш, химиялық заттарды әкелуге, сақтауға және қолдануға;

  • «Діни іс-әрекеттер мен діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңымен тыйым салынған діни жиналыстар мен іс-шаралар ұйымдастыруға;

  • бір бөлмеден екінші бөлмеге өз бетімен ауысуға;

  • өз бетімен бір бөлмеден екінші бөлмеге мүлік ауыстыруға;

  • электрөткізгіштерді қайта жасауға және жөндеуге;

  • тұрғын бөлмелері мен жалпы қолданыстағы жерлерде қосымша электржылытқыш құралдырын орнатуға;

  • радиоқабылдағышты, үнжазбаны, теледидарды бөлмеден тыс естілетін дауыс қаттылығында қосуға;

  • бөлме есігіне және ортақ қолданыстағы, арнайы орындардан басқа, жерлерге хабарландырулар, кестелер, суреттердің көшірмесін және т.б жабыстыруға;

  • тұрғын бөлмелердің есігіне өздігінен құлып орнатуға немесе есікте орнатылған құлыптарды ауыстыруға;

  • өз бетімен жиһазды қайта құруға немесе орынын ауыстыруға, қоршаулар жасауға;

  • жануарлар ұстауға;

  • өз бетімен би кештерін және басқа да көпшілік қатысатын іс-шаралар ұйымдастыруға;

  • терезеден қоқыс және т.б. заттар тастауға;

  • шатырға көтерілуге, терезе алды тақтайында тұруға және отыруға;

  • 23:00 - 6:00 аралығындағы түнгі уақытта тамақ істейтін тұрмыстық бөлмелерді қолдануға.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет