Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48


ОҚЫТУ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ



бет170/189
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#58660
түріПравила
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   189
ОҚЫТУ САПАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАРЫ

1. Оқыту сапасы – педагогикалық қызметтің бағалануы, оқытушының білім алушыларға берген білім деңгейінің көрсеткіші. Білім алушылардың нақты бір пән бойынша көрсеткен білім нәтижесі сол пәнді жүргізген оқытушының білімділігі мен біліктілігіне, тәжірибелілігіне, кәсіби шеберлігіне байланысты.


2. Оқыту сапасын бағалау – университеттің миссиясы мен академиялық саясатына сәйкес оқытушының білім беру қызметін бағалау үдерісі.


3. Оқыту сапасын бағалау келесі бағыттарда жүргізіледі:





  • оқытушының кәсіби қызметіне үнемі мониторинг жасау және оның сапасын арттыруға бағытталған шараларды жүзеге асыру;




  • оқытушы қызметін бағалауға білім алушыларды қатыстыру;




  • оқыту сапасын қосымша бағалауға жұмыс берушілерді, кәсіпорындар мен ғылыми қауымдастықтардың өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды тарту;




  • оқытушы қызметін бағалауды ашық және объективті негізде жүзеге асыру, т.б.;

4. Оқыту сапасын бағалаудың негізгі нысаны оқытушының біліктілігі (білімі, сабақты ұйымдастыруы, сабақты өткізудегі педагогикалық шеберлігі, ғылыми-әдістемелік ізденісте болуы, т.б.) болып табылады.
5. Оқыту сапасын бағалауда келесі қосымша нысандар да қарастырылады:



  • оқыту ресурстары (оқу жоспарындағы пәннің мазмұны, пәннің оқу-әдістемелік кешені, бақылау материалдарымен, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтылуы);




  • оқытушының оқу жұмысын ұйымдастыруы (оқу-әдістемелік материалдардың пән бағдарламасына, қазіргі заманғы ғылыми жаңалықтарға, білім беру бағдарламасының мақсаттарына сәйкестігі, сабақты жүргізу формалары мен технологиялары, білім алушылардың өзіндік жұмысының әдістемелік қамтылуы, оқытушының еңбек тәртібі, білім алушылардың оқу тәртібі, білім алушылардың ағымдық үлгерімі);




  • ресурстардың тиімді пайдаланылуы (сабақта инновациялық әдістер мен технологияларды, техникалық құралдарды, кітапханалық ресурстарды, оқу-зертханалық жабдықтарды қолдануы);




  • пән бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (пән бойынша оқу жетістіктері, оқу нәтижелеріне білім алушылардың қанағаттануы).

6. Оқыту сапасы тек бір критерийге ғана бағынбайтын ұғым болғандықтан, оқыту сапасын бағалау жүйесі көп критерийлі болуы керек. Әр критерий оқыту сапасын тек белгілі бір жағынан ғана көрсете алады, сондықтан оқыту сапасы туралы қорытынды оқытудың негізгі элементтерін жүйе ретінде сипаттайтын көрсеткіштер негізінде жасалады.


7. Оқыту сапасына қызығушылық танытатын тараптар бағалау субъектілері болып табылады. Олардың қатарына білім алушылар, әріптес оқытушылар, жұмыс берушілер, кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлері, тәуелсіз сарапшылар жатады.

8. Оқыту сапасын бағалау әлеуметтік және педагогикалық әдістер арқылы жүргізіледі:



  • әлеуметтік (білім алушылар, жұмыс берушілер, әріптес қызметкерлер арасында сауалнама жүргізу, оқыту сапасы бағаланып отырған оқытушы жөнінде басқа оқытушылармен сұхбаттасу және т.б.);

  • педагогикалық (оқытушының сабағына қатысу, педагогикалық құжаттарды, білім алушылардың жазбаша және шығармашылық жұмыстарын тексеру және т.б.).

9. Университетте оқыту сапасын бағалаудың әлеуметтік әдісі 1-қосымшаға сәйкес «Оқытушы білім алушылар көзқарасымен» сауалнамасы бойынша жүзеге асырылады. Бұл сауалнаманы университеттің сапа менеджменті және ақпараттық талдау бөлімінің қызметкерлері жүргізеді және оның нәтижесі арнаулы бағдарламалық жабдық көмегімен өңделеді.
10. Педагогикалық бағалау әдісі ретінде ашық сабақтың нәтижесі талданады. Ашық сабақ тиісті хаттамамен рәсімделеді (2-қосымша) және ашық сабақтың сапалық деңгейі бағаланады (3-қосымша). Ашық сабақтың сапалық деңгейін бағалау пайыздық жүйеде жүзеге асырылады.
11. Ашық сабақты өткізу уақыты алдын ала кафедраның оқу жылына арналған жоспарында көрсетіледі (4-қосымша). Әр оқытушы академиялық кезеңде 1 ашық сабақ өткізуі және 2 ашық сабаққа қатысуы тиіс. 2 ашыққа сабаққа қатысу 2 өзара сабаққа қатысу болып есептеледі.

2-қосымша






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет