Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48


ІІ. Қоғамдық комиссияның жасақталуы



бет167/189
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#58660
түріПравила
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   189
ІІ. Қоғамдық комиссияның жасақталуы
Қоғамдық комиссияның құрамы жаңа оқу жылының басында, профессор-оқытушы мен қызметкерлердің, білім алушылар контингентінің белсенді және ынталы мүшелерінен ерікті түрде бір жылға жасақталады.
Комиссияның төрағасы, төрағаның орынбасары және мүшелері ректордың бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия құрамына университет ректорының өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар.
Комиссия мүшелерінің өз қызметтерін орындауы қоғамдық негізде жүзеге асырылады.


ІІІ. Қоғамдық комиссияның міндеттері мен құқықтары


Міндеттері:
-университеттегі білім беру қызметінің Қазақстан Республикасындағыжоғарғы оқу орындарының қызметін ұйымдастыру туралы заңнамаларына сәйкес жүргізілуне бақылау жасау;
- оқу үдерісін ұйымдастырудағы белгіленген тәртіп ережелерінің сақталуын қадағалау және оның бекітілген кестеге сай жүргізілуін бақылау жасау;
- сыбайлас жемқорлық сипатындағы және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру;
- білім алушылардың үлгерімін аралық және ағымдық бақылаудың, күндізгі, сырттай оқыту түрлері бойынша емтихан сессиясының ережеге сай ұйымдастырылуын қадағалау;
- қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісінің жүргізілуін, белгіленген тәртіп ережелеріне сәйкес жүргізілуін жыл бойы қадағалау;
- оқу үдерісін жүргізуде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалауда құрылатын сұрақтардың (тест, ауызша, жазбаша) мазмұнына қажет болған жағдайда тәуелсіз жұмыс тобын құрып, талдау жасау;
- оқу, кәсіптік, технологиялық, диплом алды іс-тәжірибелердің өтуі және оны ұйымдастыру жұмыстарына талдау жасау;
- емтихан ведомостары мен сынақ кітапшаларының дұрыс және сауатты, уақытында толтыруын тексеру;
- қорытынды мемлекеттік аттестаттаудың ережеге сай ұйымдастырылуына бақылау жасау;
- жатаханаларда әлеуметтік-тұрмыстық, санитарлық-гигиеналық талаптардың бұзылмауына, ішкі тәртіп ережелерінің, оқытушылардың кезекшілік кестесінің орындалуына бақылау жасау;
- анықталған әрбір құқық және тәртіп бұзушылық оқиғалары жөнінде университет басшылығына жазбаша мәлімдеу және оларды жою жолдары туралы ұсыныс енгізу;
- педагогикалық әдептіліктің, студенттер мен оқытушылардың арасындағы қарым-қатынас нормаларының сақталуын бақылау;
- оқытушы-профессорлардың кәсіби біліктілік деңгейі рейтингінің нақты анықталуына бақылау жасау;
- автоматтандырылған жұмыс орындары туралы, Платонус бағдарламасының дұрыс жүргізілуіне талдау жасап отыру;
- сенім телефондары, оқу ғимаратындағы ұсыныс-пікір жәшіктеріне, университет веб-сайтындағы қоғамдық комиссия парақшасына, әлеуметтік желілерден түскен ақпараттарға талдау жүргізіп, қажет болса басшылыққа ұсыныс жасау;
- сынақ-емтихан сессиялары кезінде университет ректорына күнделікті ақпарат беріп отыру және аптасына бір рет сессия барысы туралы жиналыс жасау.


Құқықтары:
-білім алушылардың үлгерімін бақылау түрлері (тест, ауызша, жазбаша) бойынша бағалаудың шынайылығын қамтамасыз ету, келеңсіз құбылыстарға (бағаны білімге сай емес жоғары кою немесе әділетсіз төмендету, т.б.) жол бермеу, қажет болған жағдайда тәуелсіз аппелляциялық комиссия құру;
- аралық бақылау тапсыру, емтихан сессиялары кезінде білім алушылардың қосымша көмек құралдарын пайдалану (шпоргалка) фактісі анықталған жағдайда сол мезетте акт жасау, аралық бақылау, емтиханнан шығару;
- университеттегі еңбек тәртібі мен ішкі тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, білім алушылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту мен жағымды моральдық–психологиялық ахуалды қалыптастыру мақсатында ұсыныстар жасау;
- университетке қарасты барлық материалдық – техникалық құндылықтардың (оқу жиһаздары, компьютерлік парк, оқу зертханалары, шеберханалар мен цехтар, т.б. нысандарда) еңбек, техникалық және өрт қауіпсіздігі ережелері талаптарының сақталуына байланысты семинарлар ұйымдастыру;
- университет асханалары мен қоғамдық тамақтану орындарындағы тағамдардың сапасы мен санитарлық талаптардың сақталуына бақылау жүргізіп, ұсыныстар жасау;
- университеттегі мәдени-көпшілік, спорттық-сауықтыру және тәрбие жұмыстарының жоспарға сай және сапалы және сапалы жүргізілуне ықпал жасау;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет