Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік



бет169/189
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#58660
түріПравила
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   189
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдауды ұйымдастыру қағидалары



  1. Пайдалану аймағы

«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдауды ұйымдастыру ережесі» (бұдан әрі - Ереже) университеттегі білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдауды ұйымдастыру тәртібіне қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.
Осы Ереженің талаптары міндетті болып табылады.



  1. Жалпы ережелер

2.1 «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдауды ұйымдастыру ережесі» (бұдан әрі - Ереже) университеттегі білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдауды ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2.2 Білім алушыларды курстан курсқа, басқа оқу орнынан/орнына, бір оқу нысанынан екінші нысанға (жеделдетілген оқу бағдарламасы), бір тілдік бөлімнен екінші тілдік бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа, ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыру жүзеге асырылады. Білім алушыны ақылы негізден мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысымен бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесіне сәйкес білім алу процесінде босаған білім беру гранттарын беру арқылы жүзеге асырылады.
2.3 Күндізгі оқу нысанында білім алушылардың ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштері жазғы және қысқы демалыс кезеңінде, бірақ кезекті академиялық кезең басталғанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмей қарастырылады.
Сырттай оқу нысанындағы білім алушылардың ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштері бір ай ішінде, бірақ кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бес күннен кешіктірілмей қарастырылады.
2.4 Білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау олардың өткен академиялық кезеңдерде оқыған жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердің академиялық айырмашылығы арқылы айқындалады.
2.5 Жұмыс оқу жоспарларындағы пәндердің академиялық айырмашылығы - білім алушының транскриптісі немесе білім алуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін академиялық анықтамада (бұдан әрі - анықтама) көрсетілген оқыған пәндерінің тізбесі, олардың бағдарламалары мен академиялық сағаттардағы немесе кредиттердегі көлемі негізінде айқындалады. Ауыстыру кезінде пән айырмашылығы мамандықтың міндетті компоненттері бойынша 15 кредиттен аспауы керек. Басқа жоғары оқу орнынан немесе бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысу кезінде студенттің ҰБТ немесе КТ нәтижесінде жинақтаған балы ескеріледі.
Білім алушыны ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде пәндер бойынша пререквизиттері есепке алына отырып, олардың әрі қарай оқу курсы айқындалады.
Меңгерілген кредиттерді қайта есептеу білім беру бағдарламаларын, меңгерілген пәндер тізбесінің мазмұнын, олардың көлемін, алынған білімді, білікті, дағдылар мен құзыреттерді, сондай-ақ оқыту нәтижелерін салыстыру негізінде жүргізіледі.
2.6 Шетелдік білім беру ұйымынан ауыстыру немесе қайта қабылдану кезінде білім алушы өзінің меңгерген оқу бағдарламалары туралы құжатты (академиялық анықтама немесе транскрипт), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы
№8 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс, яғни білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжатын ұсынуы қажет.
Шетелдік жоғары оқу орындарынан ауыстыру немесе қайта қабылдау кезінде Қазақстан Республикасында жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік білім алған тұлғалар да балы белгіленген өту балынан төмен емес Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеудің (бұдан әрі - КТ) сертификатын ұсынады.
2.7 Жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жою үшін білім алушы осы пәндерге ағымдағы академиялық кезеңде немесе жазғы семестрге жазылады.
2.8 Егер жоғары оқу орындарының білім алушылары жеке оқу жоспарына сәйкес меңгеріп жатқан бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін толық аяқтаса, олар оқудан шығарылғаннан кейін ауыса алады немесе қайта қабылдана алады.
Оқу ақысын төлемегені үшін оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушы қарызын өтеген жағдайда, оқудан шығарылған күннен бастап төрт аптаның ішінде оқуға қайта қабылдана алады.
2.9 Білім алушыны бір мамандықтан екіншісіне, бір оқыту нысанынан екіншісіне ауыстыру тек ақылы негізде оқу үшін ғана жүзеге асырылады.
Білім алу кезеңінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында әскери міндетін өтеуге, денсаулығына байланысты академиялық демалыс алған білім алушы демалысы аяқталғаннан кейін (әскери билеті, денсаулығы оқуға жарамды деген анықтамасы негізінде) тиісті оқу курсына қайта қабылданады. Бұл ретте ағымдағы оқу жылы ішінде тапсыруға қажетті пререквизиттер тізбесі анықталады.
2.10 Шетелдік оқу орындарынан ауысып келетін білім алушының оқу пәндері бойынша меңгерілген кредиттерді қайта тапсыру кезінде қорытынды бақылау нысанындағы айырмашылық ескеріледі.
Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидаларына сәйкес сынақ ең төменгі D (1,0; 50-54%) және ең жоғарғы A (4,0; 95-100%) аралығындағы диапазонда төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес білім алушының оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесіне теңестіріледі.
2.11 GPA балы жетіп, келесі курсқа ауыстырылған білім грантымен оқитын білім алушы академиялық қарызы бар болған жағдайда білім грантын сақтай отырып, оны ақылы негізде жояды.
Білім гранты бойынша білім алушы бір жоғары оқу орнынан екіншісіне бір курсқа төмен ақылы негізде ғана ауысуы мүмкін.
2.12 Білім грантымен оқитын студент білім грантын сақтай отырып басқа ЖОО-ға ауыса алады.
2.13 Магистранттар басқа ЖОО-ға тек ақылы негізде ауыса алады.
2.14 Білім беру гранты бойынша және ақылы негізде оқитын білім алушыны бір ЖОО-дан екіншісіне ауыстыру рәсімі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) басқа ЖОО-ға ауысуға ниет білдірген білім алушы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректорына ауысу туралы еркін нысанда өтініш береді және ауысуға университет мөрімен бекітілген жазбаша келісім алып (түпнұсқа), қызығушылық танытқан ЖОО басшысына өтініш білдіреді;
2) қабылдаушы ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке оқу ісі жөніндегі проректор мен офис-тіркеуші қол қойған, мөрмен бекітілген транскрипттің (түпнұсқа) , білім беру гранты иегері куәлігінің (егер грант иегері болса), оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініштің (басшының қолы қойылып, мөр басылған) көшірмелері қоса берілуге тиіс;
3) ұсынылған құжаттардың негізінде пәндер айырмашылықтарын айқындайды және меңгерілген пререквизиттерге сәйкес оқу курсы белгіленеді, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерілген кредиттерді қайта есептеліп, оқу процесін тіркеуші офисімен келісе отырып, эдвайзер көмегімен білім алушының жеке оқу жоспары жасалып, факультет деканы бекітеді;
Оқу жоспарларының пәндеріндегі академиялық айырмашылықты жоюдың мерзімі факультет деканының өкімімен ағымдағы оқу жылы кезеңінде немесе жазғы семестрге ресімделеді және білім алушының жеке оқу жоспарына енгізіледі.
2.15 Білім алушылар қатарына қайта қабылдау ақылы негізде ғана жүзеге асырылады. Білім алушы өзінің оқуын жалғастырғысы келген университет ректорының атына қайта қабылдау туралы өтініш береді. Қайта қабылдану туралы өтінішке академиялық анықтама (түпнұсқа) қоса беріледі.
2.16 Бұрын оқудан шығарылған білім алушыларды қабылдау барлық оқу түріне оқудан шығару мерзіміне байланыссыз демалыс кезінде ректордың бұйрығымен рәсімделеді.
Қайта қабылдаудың міндетті шарты білім алушының меңгеретін бағдарламасының бірінші академиялық кезеңін жеке оқу жоспары бойынша толық аяқтауы болып табылады.
2.17 Басқа жоғары оқу орнынан университетке ауысқан білім алушының жеке іс-қағаздарын жіберу туралы оның бұрын оқыған ЖОО-ға үш жұмыс күні ішінде жазбаша сұраныс жолдайды. Сұранысқа білім алушыны ауысу тәртібімен қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі.
Басқа жоғары оқу орнына ауысқан білім алушының транскрипт көшірмесі, сынақ кітапшасы, студенттік билеті университет мұрағатында қалады.
2.18 Университетке білім беру гранты негізінде ауысқан білім алушыны қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі, оның атына жазылған білім беру гранты куәлігінің көшірмесімен бірге білім беру саласындағы уәкілетті органға және тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшісіне қаржыландыру көлемін түзету үшін мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне сәйкес ұсынылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет