Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48


Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәні оқыту тіліне қарамастан барлық мамандықта ағылшын тілінде оқытылады



бет4/189
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#58660
түріПравила
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   189
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәні оқыту тіліне қарамастан барлық мамандықта ағылшын тілінде оқытылады.
Таңдау компоненті үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінен кемінде 7 кредитті құрайды. Мамандықтарға байланысты университет пәндерді өз бетінше қоса алады және пәндер бойынша интеграцияланған бағдарламалар әзірлей алады.
ЖБП циклінің таңдау компонентіндегі пәндер білім алушылардың бойында ұлттық бірегейлік құзыреттіліктерін қалыптастыруға және «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын, жалпы мәдени дүниетанымды, қоғамдық қатынастарда әлеуметтенуді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникативтік, креативті және инновациялық дағдыларды дамытуға бағытталады.
10. Үлгілік оқу жоспарындағы БП циклінің көлемі пәндердің жалпы көлемінің 55 %-ын немесе 69 кредитті құрайды, оның ішінде 20 кредит міндетті компонент пәндеріне және 49 кредит таңдау компоненті пәндеріне беріледі.
Бұл ретте таңдау компоненті кафедралардың, жұмыс берушілердің және білім алушылардың ұсыныстары бойынша қалыптастырылады.
11. БП цикліндегі міндетті компонентке әрбіреуі кемінде 2 кредит көлемінде «Кәсіби қазақ (орыс) тілі» және «Кәсіби бағытталған шет тілі» пәндері енгізіледі.
Көрсетілген пәндер бірлесіп тілдік және тиісті мамандық бойынша бейінді кафедраларға жүктеледі.
12. Бейіндеуші пәндер цикліндегі пәндер көлемі үлгілік оқу жоспарындағы пәндердің жалпы көлемінің 25%-ын немесе 32 кредитті құрайды, оның ішінде 5 кредит міндетті компонент пәндеріне және 27 кредит таңдау компоненті пәндеріне беріледі.
13. Оқытудың қосымша түрлері міндетті компоненттен және таңдау компонентінен тұрады. Міндетті компоненттің жалпы көлемі кемінде 14 кредитті құрайды және көлемі 8 кредит «Дене шынықтыру» пәнінен және кемінде 6 кредит кәсіби практикадан тұрады. Таңдау компонентінің көлемін білім алушылар мен жұмыс берушілердің ұсыныстары бойынша университет өз бетінше анықтайды.
Оқытудың қосымша түрлері есебінен міндетті компонент пәндерінің көлемін ұлғайтуға рұқсат беріледі.
14. Университетте бакалавриаттың білім беру бағдарламасының құрылымы 1-қосымшаға сәйкес келтірілген.
15. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу сабақтарын жүргізу тәсілдерін, студенттің өзіндік жұмысын, олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау нысандарын таңдау арқылы жүзеге асырылады.
16. Университет Үш тілде білім беру бағдарламасы бойынша білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды үш тілде: оқыту тілінде, екінші тілде және ағылшын тілінде жүзеге асырады.
Бұл ретте оқу пәндерінің 50 %-ы оқыту (қазақ немесе орыс) тілінде, 20 %-ын екінші тілде (сәйкесінше орыс немесе қазақ), 30 %-ын ағылшын тілінде оқытылады. 
17. Университет дуальді оқыту элементтерін енгізген жағдайда білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыруды теориялық оқыту мен өндірістегі практикалық дайындықты үйлестіру негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте пәннің оқу материалының 40 %-ына дейін тікелей өндірісте (технологиялық процесс, шығармашылық қызмет процесі, қаржы-экономикалық процестер, психологиялық-педагогикалық процесс және т.б.) меңгерілуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет