Правила организации обучения по сокращенным образовательным программам 5 Правила организации обучения с применением дистанционных образовательных технологий 48



бет57/189
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#58660
түріПравила
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   189


7. Жауапкершілігі


- Осы Ережеде белгіленген міндеттерді сапалы және мерзімінде орындауға Эдвайзер толығымен жауапты болып табылады.
- Өз міндеттеріне жауапкершіліксіз қараған Эдвайзер факультет деканы және кафедра меңгерушісінің ұсынысымен Эдвайзер қызметінен босатылады.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің


ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1. ҚОЛДАНУ АЙМАҒЫ

1.1 Ереже Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетте (әрі қарай Қорқыт Ата атындағы ҚМУ) басқарудың алқалы органдары болып табылатын ғылыми- әдістемелік кеңестің мүшелерін сайлау тәртібін және Ғылыми-әдістемелік кеңес (бұдан әрі – ҒӘК) қызметін ұйымдастыру тәртібін анықтайды.


2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

2.1 ҒӘК университетте оқу үдерісін жетілдіруде және мамандарды даярлаудың сапасын арттыруда оқу - әдістемелік жұмыстарды үйлестіреді.


2.2 ҒӘК университет ректоры бұйрығымен құрылады, қайта құрылады және таратылады.
2.3. ҒӘК өз қызметінде басшылыққа алады:

  • Қазақстан Республикасының Қонституциясын;

  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын;

  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары мен қаулыларын;

  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің нормативті-құқықтық құжаттарын;

  • Университеттің СМЖ құжаттарын;

  • Қорқыт Ата атындағы ҚМУ Жарғысын;

  • Қорқыт Ата атындағы ҚМУ ішкі тәртіп Ережесін;

  • Осы Ережені.

2.4 Университет басшылығы ҒӘК қызметіне қажетті жағдай жасайды.
3. НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ МЕН БАҒЫТТАРЫ

Міндеттері:



  • оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз етудің сапа мониторингісін ұйымдастыру;

  • университетте шығарылатын оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге, құралдарға және басқа да материалдарға сараптаманы және басып шығаруға ұсынымды ұйымдастыру;

  • университеттегі оқу үдерісін жетілдіру және әдістемелік қамтамасыз ету;

  • оқу-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жетілдіру жөніндегі озық тәжірибелерді тарату;

  • біліктілікті арттыру, педагогикалық және ғылыми кадрларды қайта даярлау және аттестаттау жүйесін жетілдіру, оқу үдерісінің мазмұнын талдау;

  • сапа менеджменті жүйесін дамыту және оқу үдерісіне әдістемелік әзірлемелердің нәтижесін енгізу жөніндегі ұсынымдарды дайындау;

  • университетте әдістемелік жұмыстарды үйлестіру;

  • университеттегі білім беру үдерісіне жаңа технологиялар мен әдістерді енгізу, жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

  • педагогтік ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

  • білім беруді дамыту және басым бағыттарды қалыптастыру, оны іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;

Бағыттары:

  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарын ескере отырып, жұмыс оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын сараптауын ұйымдастыру;

  • университетте әдістемелік қамтамасыз етуге байланысты нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

  • профессор-оқытушылар құрамының даярлаған оқу (оқу-әдістемелік) құралдар (оның ішінде электрондық түрде) және дидактикалық материалдарды талдау, олардың баспадан шығарылуына ұсыныс беру;

  • өндіріс пен ғылыми технологиялардың басым бағыттарын болжау негізінде университет мамандықтарының тізбесін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды талқылау;

  • оқу-тәрбие үдерісін жетілдіруге және университет профессор-оқытушы құрамына практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстардың әртүрлі нысандарын енгізу мәселелерін қарау;

  • білім алушылардың өздік жұмысын және оқытушының қолдауымен өткізілетін өздік жұмыстарды әдістемелік қамтамасыз ету;

  • оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру, өткізу;

  • ҚР БҒМ мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарына талдау жүргізіп, жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау;

  • оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу және оқытудың автоматтандырылған жүйесін бағдарламалық қамтамасыз ету;

  • білім беруді ақпараттандыру және озық педагогикалық іс-тәжірибені тарату;

  • оқу үдерісін оқу әдебиеттермен және әдістемелік әзірлемелермен қамтамасыздандырылуының мониторингісін жүргізу.

4. УНИВЕРСИТЕТ ҒӘК ҚҰРАМЫН САЙЛАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ



  • Кеңестің құрамына факультет өкілдері, кафедраның жетекші оқытушылары, әдіскерлер, құрылымдық бөлімше басшылары кіреді. Кеңестің құрамы университет ректоры бұйрығымен бекітіледі.

  • Кеңестің жалпы басшылығын оқу ісі жөніндегі проректор-бірінші проректор жүргізеді.

  • Кеңес мүшелерінен ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

  • Кеңестің қызметі университет Ғылыми Кеңесімен бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

  • Кеңестің отырысы екі айда бір рет өткізіледі.

  • ҒӘК отырысында қаралған мәселе қатысып отырған кеңес мүшелерінің басым көпшілік дауысы нәтижесі бойынша қабылданады және хаттамамен рәсімделеді. Отырыстың хаттамалары мен ҒӘК шешімдеріне Кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.

  • Егер ҒӘК отырысында оның мүшелерінің үштен екі бөлігі қатысып отырса, онда Кеңес құқығы өкілетті деп табылады.

5. УНИВЕРСИТЕТ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІМЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫС

ҒӘК келесі университет құрылымдық бөлімшелерімен өзара байланыс жасайды:


5.1 Университет Ғылыми Кеңесімен:
- ҒӘК жылдық жұмыс жоспарын бекітуде;
- ҒӘК төрағасының қызмет нәтижелері туралы есеп беруде.
5.2 Академиялық мәселелер жөніндегі департаментімен:
- оқу үдерісін ұйымдастыру және жетілдіру мәселелерін қарастыруда;
- практикаларды ұйымдастыру және өткізу мәселелерін талқылауда;
-үш тілде білім беру мәселелерін қарастыруда.
5.3 Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментімен:
- ғылыми-инновациялық әлеуетті дамыту;
- білім, ғылым және өндіріс салаларындағы интеграцияны тереңдету бағытындағы
жұмыстарын үйлестіруде;
5.4 Ақпараттық технологиялар басқармасымен:
- ҒӘК бекіткен оқу құралдарының электрондық нұсқасын шығару жұмыстарын ұйымдастыруда;
5.5 Сапа менеджменті және ақпараттық сараптама бөлімі:
- университетте сапа менеджмент жүйесінің қызметі туралы мәлімет беруде.
5.6 Оқу процесін тіркеуші офисімен:
- білім алушылардың біліміне, үлгеріміне бақылау ұйымдастыруды жетілдіруде;
- ішкі ережелерді бекітуде.
5.7 Факультет, кафедралармен:
- ҒӘК-ке оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыстары және озық іс-тәжірибені тарату мәселелері бойынша мәлімет беруде;
- оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, құралдарды және басқа да материалдарды басып шығаруға ұсыным жасауда;

6. ЕРЕЖЕНІ ҚАЙТА ҚАРАУ


6.1 Ереже келесі жағдайда қайта жасалады:
- университет құрылымына өзгерістер енгізілгенде;
- ҒӘК-ке жүктелген міндеттері мен қызметі өзгерген жағдайда.
Ереже Ғылыми-әдістемелік кеңесінде қаралды
Хаттама № «____» «____________________» 2016 ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   189




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет