Предмет биостатистики. Виды данных


Салыстырмалы қауіп-қатер немесе қауіп-қатерлер қатынасы (RR-relative risk, risk ratio)



бет4/14
Дата17.12.2021
өлшемі0,79 Mb.
#102109
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Ассоциациялар өлшемі

Салыстырмалы қауіп-қатер немесе қауіп-қатерлер қатынасы (RR-relative risk, risk ratio)  

Салыстырмалы қауіп-қатер – бұл зерттелушілердің арасында фактордың ықпалынан пайда болған нәтижелер жиілігінің осы фактордың ықпалына ұшырамаған зерттелушілерде пайда болған нәтижелер жиілігіне қатынасы.

Салыстырмалы қауіп-қатер не үшін қолданылады?  

Салыстырмалы қауіп-қатер, қауіп-қатер факторына байланысты нәтиженің пайда болу ықтималдықтарын салыстыру үшін қолданылады.

Мысалы, шылым шегудің гипертониялық аурулардың жиілігіне ықпалын бағалағанда, сүт безі обыры (емшек қатерлі ісігінің) жиілігінің оральды контрацептивтерді қабылдауға байланыстылығын зерттегенде және т.б. Салыстырмалы қауіп-қатер – белгілі бір емдеу әдістерін тағайындағанда немесе болуы мүмкін жанама әсерлерге зерттеу жүргізгенде ең маңызды көрсеткіш.

Салыстырмалы қауіп-қатерді қолдану шарттары және шектеулері  

  • Фактор мен нәтиже көрсеткіштері номинальды шкалада өлшенулері тиіс. Мысалы, пациенттің жынысы – еркек немесе әйел, артериялық гипертония – бар немесе жоқ.
  • Бұл әдіс тек төртторлы кестелерді, фактор да, нәтиже де бинарлы айнымалылар болғанда (яғни тек қана екі мүмкін мәндері бар) талдау жүргізуге мүмкіндік береді Мысалы, жасы 50 -ден кіші немесе үлкен, белгілі бір аурудың анамнезде болуы немесе болмауы.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет