Сипаттамасы:
Препаратта асқазанның пилорикалық бөлігінен алынған кесінді берілген.
Асқазанның қабырғасы құрылысы бойынша кілегейлі,бұлшықетті,сірлі қабықшалар мен
шырыш асты негізден тұрады.Асқазан сыртынан бір қабатты мезотелий мен борпылдақ
талшықты дәнекер тінінен түзілген сірлі қабықпен тысталған.Мезотелий қабаты үнемі
шырышты өнім бөліп тұратын көп бұрышты жасушалар тобынан тұрады.Сірлі қабықтың
астында жатқан асқазанның бұлшықетті қабығы оның пилорикалық бөлігі мен денесінде
жақсы жетілген,ал асқазанның фундальды бөлігінде нашар дамуымен сипатталады.
Құрылысы бойынша бұлшықетті қабықтан жазық миоциттерден түзілген үш қабаты
ажыратылады:сыртқы бойлай,ортаңғы айналмалы және ішкісі қиғаш бағытталған.Бұл үш
қабат өңештің дәл осылай бағытталған бұлшықеттік қабығының жалғасы болып табылады.
Ортаңғы айналмалы бұлшықет қабаты етті қабықшаның ең жақсы жетілген жері, бұл аймақ
қалыңдығы 3-5 см болатын асқазан сфинктерлерін қалыптастырады.Асқазанның қуысын
қаптаған кілейгейлі қабықша
эпителийден,меншікті және бұлшықеттік пластинкадан
түзілген. Кілегейлі қабықтан бойлай бағытталған асқазан қатпарлары, асқазан алаңдары
және шұңқырлары ажыратылады.Асқазан қатпарлары шырышты қабықшадан және шырыш
асты негізден түзілген.Асқазан алаңдары – пішіні көпбұрышты,бір-бірінен кілегейлі
қабықтың жүлгелері арқылы шектелген 1-16 мм көлеміндегі аймақтар.Асқазан
шұңқырлары – кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасына енген эпителийдің
тереңдемелері.Асқазанның пилорикалық бөлігінде шұңқырлары терең,ал кардиальды
бөлігінде жұқа болып сипатталады,шұңқырлардың түбіне асқазан бездерінің өзектері келіп
ашылады.Кілегейлі қабық сыртынан бір қабатты цилиндр тәрізді безді эпителиймен
қапталған.Эпителий құрамындағы безді жасушалар базальды бөліктерімен базальды
мембранаға бекінеді,құрамында сопақ пішінді ядросы мен оның үстінде орналасқан
Гольджи аппараты бар.Ал жасушалардың апикальды бөлігі шырышты секреттің
көпіршіктерімен толтырылған. Асқазанды тыстайтын эпителиоциттер үнемі шырышты
өнім бөліп тұрады,қызметі бойынша тағам бөліктерінің механикалық және химиялық
әсерлерінен қорғайды.Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы борпылдақ талшықты
дәнекер тінінен түзілген, құрамында дәнекер тіндік перделермен бөлінген асқазан бездері
бар. Асқазан бездерінің негізгі үш түрі ажыратылады: меншікті бездер, пилорикалық және
кардиальды бездер. Әр бездің құрылысынан түбі,денесі және мойыны ажыратылады.Денесі
мен түбі бездің секреторлы бөлігі,мойыны шығарушы өзегі болып табылды. Асқазанның
меншікті бездері
–
саны жағынан ең басымы,құрылысы бойынша қарапайым тармақталған
түтікшелі бездер. Олардың шығару өзектері асқазан шұңқырларына ашылады. Асқазанның
меншікті бедерінен безді жасушалардың 5 түрі ажыратылады:басты экзокриноциттер,
париетальды экзокриноциттер, шырышты мойын мукоциттері,эндокринді жасушалар және
аз дифференцияланған эпителиоциттер. Басты экзокриноциттер
бездің денесі мен түбі
аймағында шоғырланады. Басты жасушалар қызметі бойынша пепсиноген мен химозин
бөліп шығарады.Париетальды экзокриноциттер
көлемі бойынша басты жасушалардан
үлкен,қисық пішінді және бездің денесі мен мойынында жеке-жеке орналасады. Қызметі
бойынша тұз қышқылы мен Кастл факторын түзеді.Мойын мукоциттері
Достарыңызбен бөлісу: