эпителиоциттердің арасында жекеленіп орналасқан.Құрылысы
шырышты эпителиоцит-
терге өте ұқсас,қызметі бойынша муцин бөліп,үнемі ішек эпителийінің бетін суландырып,
тағамның жылжуына септігін тигізеді.Панет жасушалары топталып орналасады,көбінесе
бездердің түбінде кездеседі.Цитоплазмасы ацидофоильді боялған, құрамында ашық-қызыл
түсті түйіршіктері бар,қызметі – батероциттік қорғаныс. Эндокриноцит- тердің көп
таралған өкілі ЕС-жасушалары,олар серотонин,мелотонин,П-затын өндіреді.Ал А-
жасушалары энтероглюкогон,S-жасушалары секретинді өндіріп шығарады.
Ішек қуысын тыстаған кілегейлі қабықтан қатпарлар,бүрлер мен крипталар ажыратылады.
Қатпарлар кілегейлі қабық пен шырыш асты негізден түзілген.Ішек бүрлері –
ішектің
қуысына қарай бағытталған,пішіні саусақ немесе жапырақ тәрізді кілегейлі қабықтың
өсінділері.Аш ішектің бүрлері жіңішке әрі биік болуымен ерекшеленеді. Әрбір ішек бүрі
сыртынан бір қабатты призмалы эпителиймен тысталған,құрылысынан жасушалардың
негізгі 3 тобы ажыратылады:бағаналы эпителиоциттер,бокал
тәрізді экзориноциттер және
эндокриноциттер. Крипталар – кілегейлі қабық эпителийінің көптеген түтікшелер түрінде
меншікті пластинкаға енген тереңдемелері. Олардың шығарушы өзектері бүрлердің
арасында орналасады.Әрбір криптаның ұзындығы 0,25-0,5 м,диаметрі 0,07 мм
шамасында,эпителийінің құрамында дің жасушалары,бағаналы эпителиоциттер,бокал
тәрізді экзокриноциттер, Панет жасушалары және эндокриноциттердің бастама-
жасушалары бар.Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы тығыз тор түзе
орналасқан
ретикулярлы
талшықтардан
тұрады,олар
бір
жағынан
базальды
мембрананы
қалыптастыруға қатысады.Меншікті пластинкада эозинофильдер, лимфоциттер, плазмо-
циттер кездеседі,қан тамырлары мен нерв өрімдері де бар.Кілегейлі қабықтың бұлшықетті
пластикасы екі қабаттан түзілген: ішкі айналмалы және
сыртқы бойлай бағытталған
миоциттер жігі. Шырыш асты негіз борпылдақ талшықты дәнекер тіні мен май тіндерінен
құралған.Қызметі бойынша кілегейлі қабықтың қозғалғыштығын қамтамасыз етеді және
құрамында көптеген қан мен лимфа тамырлары,жүйке ұштары бар
Достарыңызбен бөлісу: