Сипаттамасы:
Препаратта құрт тәрізді өсіндіден алынған кесінді берілген.Құрт тәрізді
өсінді – соқыр әшектен ішке қарай бағытталған майлы өсіндісі.Ол лимфа түйіндерінің
жиынтығынан құралған иммундық жүйенің маңызды бөлігі болып табылады. Пішін
бойынша балаларда үш бұрыш,ал ересектерде дөңгелек болып келеді.Құрт тәрізді өсінді
сыртынан мезотелий мен дәнекер тінінен түзілген сірлі қабықпен жабылған,ол майлы
өсіндінің меншікті шажырқайын қалыптастырады.Сірлі қабықтың астында орналасқан
бұлшықетті қабықша ішкі айналмалы және сыртқы бойлай бағытталған ет талшықтарының
қабатынан түзілген.Құрт тәрізді өсіндінің бұлшықеттік қабықшасы тоқ ішек бөлімдерінен
оның бойлай орналасқан қабатының тұтас болуымен ерекшеленеді.Құрт тәрізді өсіндінің
қуысын қаптаған кілегейлі қабықша эпителийден және меншікті пластинкадан түзілген.
Бұлшықетті пластинкасы нашар дамығандықтан меншікті пластинка тікелей шырыш асты
негізбен байланысқан.Кілегейлі қабық құрылысынан көптеген крипталар ажыратылады.
Құрылысы бойынша крипталар бокал тәрізді экзокриноциттер,М-жасушалар мен
эндокриноциттері бар бір қабатты бағаны эпителиймен қапталған.Крипталардың түбінде
ацидофильді түйіршіктері бар экзокриноциттер немесе Панет жасушалары шоғырланады,
қызметі – бактероцидтік қорғаныс. Меншікті пластика мен шырыш асты негіздің басым
бөлігі лимфоциттер және түйіршікті лейкоциттермен инфильтрацияланған және лимфа
түйіндерінің ірі топтары кездеседі.Құрт тәрізді өсіндінің қуысына инфекция түскен кезде
лимфа түйіндерінде ашық түсті аймақ – герминативті орталықтар пайда болып,меншікті
пластинканың дәнекер тіні лимфоциттермен толтырылады.Лимфоциттердің біраз бөлігі
аппендикс қуысынан эпителийдің беткі қабатына шығып, микробтарды фагоцитоздайды.
Бұл кезде кезде эпителийдің тереңінде орналасқан лейкоциттер мен жасушаларың біраз
бөлігі түлеп түседі.Сонымен қатар лейкоциттерден және микробтардан бөлінетін
ферменттердің әсерінен эпителийлік қабат зақымдалып,біраз уақыттан соң камбиальды
жасушалар есебінен қайта регенерацияланып отырады. Шырыш асты негіз кілегейлі
қабықтың қозғалғыштығын қамтамасыз етеді,құрамында көптеген қан тамырлары мен
шырыш асты нерв өрімдері бар.
Достарыңызбен бөлісу: