бұлшықеттерден түзілген екі қабаттан тұрады: ішкі айналмалы және сыртқы бойлай
бағытталған. Бұлшықеттік қабықшаның бойлай бағытталған сыртқы қабаты тұтас
емес,оның құрамындағы жазық миоциттердің шоғыры бүкіл ішек бойына созылған үш
жолақ түрінде орналасқан.Бұлшықеттік қабықшаның қабаттары бір-бірінен борпылдақ
талшықты дәнекер тінінің жұқа қабаттарымен бөлінген,құрамында қан тамырлары мен ет-
ішектік жүйке өрімі бар.Тоқ ішектің қуысын қаптаған кілегейлі қабықшасы эпителийден,
меншікті және бұлшықеттік пластинкалардан түзілген.
Ішектің кілегейлі қабығынан
айналмалы қаптарлар мен крипталар ажыратылады, ерекшелігі – оның бүрлері болмайды.
Етті қабықтағы үш жолық түрінде орналасқан бұлшықеттер барлық ет жасушаларын
жиырып, жиірек тармақталған қатпарларды қалыптастырады.Олар көлденеңнен
орналасып,жарты айшық түрінде сипатталады. Тоқ ішекте крипталары аш ішекке
қарағанда
жиірек орналасқан,көлемі үлкен және құрылысы бойынша крипталар бокал
тәрізді жасушалардан түзілген.Кілегейлі қабықтың эпителийі
бір қабатты призмалы,
құрылысы жасушалардың 3 түрінен құралған:бағаналы эпителиоциттер,бокал
тәрізді
экзокриноциттер және асқазан-ішек эндокриноциттері.Бағаналы эпителиоциттер кілегейлі
қабықтың үстіңгі бетінде орналасады және құрылысының полярлығымен ерекшеленеді.
Апикальды бөлігінде көптеген микробүрлерден құралған жолақты жиекшесі,ал базальды
бөлігіне сопақ пішінді ядросы бар. Қызметі бойынша тағаммен түсетін заттардың сіңірілуін
және тасымалдануын қамтамасыз етеді. Бокал тәрізді экзокриноциттер кілегейлі қабықтың
крипталарында шоғырланған.
Құрылысы шырышты эпителиоциттерге өте ұқсас,қызметі
бойынша
муцин бөліп,үнемі ішек эпителийінің бетін суландырып,ылғал беріп тұрады.
Олардан бөлек Панет жасушалары тоқ ішек құрылыснда батероциттік қорғаныс қызметін
атқарады.Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы борпылдақ талшықты дәнекер тінінен
түзілген,олар ішек криптілерінің араларында орналасқан жұқа дәнекер тіндік
қабатшаларды қалыптастырады. Меншікті пластинкада жекелеген лимфа түйіндері мен
жүйке ұштары орналасқан.Кілегейлі қабықшаның бұлшықетті пластинкасы анық
байқалатын екі қабаттан түзілген:ішкі қабаты тығыз орналасқан жазық миоциттердің
айналмалы бағытталған шоғырларынан тұрады. Ал сыртқы қабаты жартылай қиғаш және
жартылай бойлай бағытталған миоциттерден түзілуімен ерекшеленеді.Шырыш
асты негізі
май тіндері мен борпылдақ қалыптаспаған дәнекер тінінен түзілген.Қызметі бойынша
кілегейлі қабықтың қозғалғыштығын қамтамасыз етеді,құрамында көптеген май
жасушалары,тамырлар мен жүйке өрімдері орналасқан. Тоқ ішектің шырыш асты негізі
лимфа түйіндерінің өте көп болуымен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: