2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары.
Өзіндік жұмысты орындауға көмекші әдістемелік нұсқаулар.
Тактикалық дайындық пәніне арналған курстық кейстер мен электрондық дәрістер, К. Аманжолов . Алғашқы әскери дайындық оқулығы.
Основы начальной военной подготовки: Учеб.пособие/ Дошаков С.Х., Каргин С.Т.. - Караганда: Изд-во КарГУ, 2002г.
Тактика отделения, танка, мотострелкового и танкового взвода, книга 1, Х.М. Амбарян, 1985г. ҚарМУ- кітапханасында.
№ 1 тақырып. Қазіргі жалпы әскери ұрыс негіздері. 6 сағат
Тапсырмалар: 1. Жалпы әскери ұрыс дегеніміз не?
Қазіргі жалпы әскери ұрыстың негізгі белгілерін атаңыз?
Қазіргі ұрыстың түрлерін атап, оларға сипаттама беріңдер.
Қарсыласқа зақым келтіру құралдары туралы айтыңдар.
Жаяу әскер ұрыс машинасындағы мотоатқыштар бөлімшесінің құрамын атаңдар
Жая ұрыс машинасының тағайындалуы туралы айтыңдар.
Мотоатқыш бөлімшесінің ұйымдастырылуы және оның қарулануы жайлы айтыңдар.
Негізгі әдебиеттер: [5,9,10-12].
№ 2 – тақырып. Бөлімдерді басқару. 6 сағат
Тапсырмалар: 1.Атыс жүйесі дегеніміз не?
2. Атыс жүйесі бөлімшеде қалай ұйымдастырылатынын айтып беріңдер.
3. Қорғаныста бөлімше командирі қандай графикалық құжат дайындайды?
4. Атыспен маневр жасау дегеніміз не?
5.Бөлімшелер қандай мақсатта маневр жасайды?
6.Шабуылда және қарама-қарсы ұрыста қандай маневр түрлері жүзеге асырылады?
7.Ұрыста бастамшылдық не үшін қажет?
Негізгі әдебиеттер:
Тапсырмалар:
[5,9,10-12].
№ 3 – тақырып. Ұрыс кезіндегі сарбаздың әрекеті. 6 сағат
Тапсырмалар:1.Ұрыстағы жеңіс кімге байланысты?
2.Ұрыста әр сарбаз нені білуі керек?
3.Сарбазға өз міндетін орындау үшін не қажет?
4.Сарбаз жаяу ретпен қимылдау кезінде қандай қозғалыс тәсілдерін қолданады?
5.Ұрыста сарбаз бөгеттерді өтудің қандай тәсілдерін қолданады?
6.Миналардыңбүркенішті ашу белгілері туралы айтыңдар.
7.Инженерлік бөгеттерден өтудің қандай тәсілдері бар?
8.Радиоактивті улағыш заттармен зақымдалған жер учаскелерінен қалай өтуге болады?
9.Жатып ату үшін жеке оқпана қалай қазылады?
Негізгі әдебиеттер: [5,9,10-12].
№ 4 – тақырып. Шабуылдағы бөлімше. 6 сағат
Тапсырмалар: 1. Шабуыл кезінде бөлімше командирінің жұмыс тәртібі.
2. Б.К. шабуылға шығуға ұрыстық бұйрық беруі.
3. Шабуылға дайындық кезінде Б.К. рекогностация жүргізуі.
1.Бөлімше командирі шабуылға берілген ұрыс бұйрығында нені көрсетеді?
4. Бөлімше жүріп келе жатып қарсыласқа қалай шабуылдауды қандай ретпен жүргізеді?
5. Бөлімше қорғаныс тереңдігіндегі қарсыласты шабуыл кезінде қалай жояды?
6. Танк пен оның артында шабуылдап келе жатқан бөлімшенің өзара қимылы туралы айтыңдар?
7. Бөлімше қарсы шабуылдағы және шегінудегі қарсыласты қалай жояды?
Негізгі әдебиеттер: [2-12,14, 21-25].
№ 5 – тақырып. Қорғаныстағы бөлімше. 6 сағат
Тапсырмалар: 1. Бөлімше командирі қорғанысқа қойылған ұрыс тапсырмасында неге баса назар аударады?
2. Қорғаныстағы бөлімше позициясы қалай жабдықталады?
3. Қарсылас авиациясының шабуылдауы кезінде және радиациялық, химиялық зақымдану туралы хабарлау белгілері бойынша бөлімше қандай іс-әрекет жасайды?
4. Қарсыластың атыс дайындығын бастауы мен оның шабуылға көшуі кезіндегі бөлімшенің іс-әрекеті қандай?
5. Қорғаныстың алғы шебі алдында және қарсыластың қорғанысқа еніп кірген кезінде бөлімше оны қалай жояды?
6. Қарсылас шабуылы байқалған соң бөлімшенің қандай әрекет жасайтынын айтыңыздар.
7. Қорғаныстағы Б.К. жұмыс тәртібі.
8. Қорғанысқа көшудегі Б.К. ұрыстық бұйрық беруі.
9. Қорғаныстағы бөлімшенің атыс карточкасын құру.
Негізгі әдебиеттер: [5,9,10-12].
№ 6–тақырып. Марштағы, шерулік және қарауылдағы
бөлімшеше, барлаудағы бөлімше. 8 сағат
Тапсырмалар: 1. Барлау дегеніміз не және оны кім жүргізеді?
2. Барлаудың міндеті не?
3. Взводтың барлау жүргізу тәсілдері қандай?
4. Бақылау арқылы барлау жүргізу тәсілдері туралы айтыңдар.
5. Торуыл арқылы барлау жүргізу тәсілдері туралы айтыңдар.
6. Іздеу арқылы барлау жүргізу тәсілдері туралы айтыңдар.
7. Тап беру арқылы барлау жүргізу тәсілдері туралы айтыңдар.
№ 7–тақырып. Шабуылдағы взвод. 10 сағат.
Тапсырмалар:1.Тактика дегеніміз не және оның маңызы қандай?
2.Мотоатқыштар взводын, ротасын және оның қару –жарағын ұйымдастыру қалай жүргізіледі?
3. Қазіргі заманғы жалпы әскери ұрыс дегеніміз не және ол жауынгерлерге қандай талап қояды?
4. Атыс жүйесі дегеніміз не?
5. Атыспен маневр жасау нені білдіреді? Ұрыста бөлімшелер үшін маневр жасау қандай мақсатта жүргізіледі?
6. Шабуылда және бетпе-бет ұрыста бөлімшелер маневрлердің қандай түрін жүзеге асырады?
7. Мотоатқышвзводының жорықтық, ұрысқа кіру және ұрыстық реті қалай құрылады?
8. Өзар әрекеттесудің мәні неде?
9.Шабуылдағы бөлімшенің ұрыстық тәртібі неден тұрады?
10. Шабуылдағы сарбаздардың арасындағы қашықтық қанша?
11. Ұрыстық мүмкіндік неден құралатынын білесіз бе?
12. Маневр жасау қажеттілігі туғанда қандай атыс позициялары жабдықталады?
13. Бөлімнің колоннамен жол бойымен, белгіленген жерге шығу мақсатында ұйымдасып қозғалуы қалай аталады?
14. Марш кезіндегі көліктер арасындағы қашықтық қандай болуы мүмкін?
Негізгі әдебиеттер: [5,9,10-12].
№ 8–тақырып. Қорғаныстағы взвод. 6 сағат
Тапсырмалар1. Қандай жағдайда взвод қорғанысқа көше алады?
2. Взвод қорғанысының орны, рөлі мен міндеттері қандай?
3. Қорғаныста атыс жүйесі қалай ұйымдастырылады?
4. Мотоатқыш взводының тірек пунктінің сызбасы бойынша қорғаныстағы (1 МАБ, 2 МАБ, 3 МАБ-нің) атыс жүйесін ұйымдастыруы туралы айтыңдар.
5. Шөлдегі қорғаныс ерекшеліктері туралы айтыңдар.
6. Таудағы қорғаныс ерекшеліктері туралы не білесіңдер?
Негізгі әдебиеттер: [3,8, 33- 36, 39-44].
№ 9 тақырып. Марштағы, шерулік және қарауылдағы взвод.
6 сағат
Тапсырмалар: 1. Шеру дегеніміз не?
2. Шеру қандай мақсаттарда жүргізіледі?
3. Бастапқы пункт, реттеу пункттері, аялдамалар мен демалыс аудандары қандай мақсаттармен тағайындалады?
4. Шеруді ұрыстық қамтамасыз етуге қандай шаралар кіреді?
5. Шерудегі барлау туралы айтыңдар
6. Басты күштер лекпен шеру жасағанда, жорықтық қорғаныс әрекетінде взводтағы қорғаныс қалай ұйымдастырылады?
7. Шерудегі бүркемелеу шаралары, оның мақсаттары мен міндеттері туралы не білесіңдер.
8. Шерудегі инженерлік қамтамасыз етудің мақсаттары қандай?
9.Шерудегі техникалық және тылдық қамтамасыз ету мақсатында қандай шаралар жүргізіледі?
10. Марш жасауға М.А.Ә. дайындалуы.
11. М.А.Ә. марштық мүмкіндіктері.
12. Марш кезіндегі Ә.К. жұмысы.
13.Марш кезіндегі бөлімдерді қамтамасыз ету
Негізгі әдебиеттер: [5,9,10-12].
Достарыңызбен бөлісу: |