Презентация «Қалыпты және патологиялық физиология»



бет2/3
Дата05.11.2022
өлшемі419,32 Kb.
#156685
түріПрезентация
1   2   3
Байланысты:
В-ЖМҚА-02-21 Нұрмахан А.1(3).Ф

ΙΙ. Негізгі бөлім
2.1. Иіс сезім жүйесінің қабылдағыштары
Иіс сезім жүйесінің қабылдағыштары жоғарғы мұрын кеңсірігінде орналасқан.Олардың ауданы шамамен 5-8 см2. Иіс беткей тінінің қалыңдағы 100-150мкм,олардың тірек жасушаларының арасында диаметрі 5-6мкм иіс қабылдағыштарына жалғасады. Адамда иіс сезу талдағыштарының жалпы саны 10-20млн жетеді. Әрбір қабылдағыш ұзындығы 10мкм 6-12 жіңішке кірпікшелері шығып тұратын,иіс буылтығымен аяқталады
  • Иіс кірпікшелері арнайы бездер түзетін сұйықтыққа малынып тұрады
  • Бұл кірпікшелер иіс сезім мүшесінің қабылдау ауданын 50-60 есе өсіреді
  • Олар аңқыған иісті заттардың ауаға таралған бөлшектерін сезгіш келеді
  • Иіс кірпікшелері үнемі қозғалыста болып, аңқыған иісті заттардың молекулаларымен белсенді түрде жанасады

2.2. Иіс кірпікшелері
  • Хош иісті заттар бөлшектері кеңсіріктің кілегейлі қабықшасында орналасқан маманданғын белоктармен әрекеттеседі. Соның салдарынан қабылдағыштық потенциал туады,оны алмастыратын қозу серпіністері иіс жүйке талшықтары арқылы иіс буылтығына өтеді. Бұл иіс талдағышының бастапқы орталығы болып саналады.

Иіс қабылдағыштарының бетінен тіркелетін электр көрсеткішін электрольфактограмма деп атайды. Ол иісті зат аз уақыт әсер еткен жағдайда пайда болып,бірнеше секундтқа созылатын,шайқалу тербелісі 10мВ монофазалық теріс толқыннан тұрады. Кейде баяу толқындардың үстіне көптеген қабылдағыштардан шығатын синхронды серпініс шоқтары қабаттасады. Жеке қабылдағыштардың серпініс жиілігі тітіркендіргіштің сапасына және қырқына сәйкес өзгереді.
2.3. Электрольфактограмма
2.4. Қабылдағыштардың бейімделуі
Иіс ұзақ әсер еткенде оған қабылдағыштардың бейімделетіндігін бақылауға болады.Талдағыштар көптеген иісті заттарға тез арада толық бейімделеді,яғни оларға иіс түйсігі жойылады.
Бірқатар заттарға талдағыштар баяу және ішінара ғана бейімделеді.Кейбір жағдайларда бұл тек бір затқа емес,бірнеше ұқсас әртекті иістерге де байқалады.
Ол иісті заттардың мөлшеріне және иіс сезу жолдарынан өтетін ауа толқынының жылдамдығына тәуелді келеді.
  • Ауа неғұрлым таза болса , иіс талдағыштары сезімталдығы соғұрлым жоғары болады. Иіс сезу мүшелерінде қозу тудыратын заттың ең аз мөлшерін оның табалдырығы деп атаймыз. Иісті заттардың мұрынның кілегей қабығындағы иіс аймағына өтуі қиындаған жағдайда,мысалы тұмау кезінде,сезу табалдырығы көтеріліп, иіс сезімталдығының күрт төмендейтіндігі және тіпті толық жойылып кететіндігі байқалады

Иіс түйсінудің кең таралған қағидаларының бірі-стереохимиялық теория. Бұл теория бойынша , заттың иісі оның құрамындаңғы бөлшшектердің мөлшері, пішіні және көлемімен анықталады. Иіс жүйесі жеке зат қабылдауға арналған әралуан түрлі қабылдағыштардан тұрады. Көптеген зерттеулерде иіс буылтығында пайда болатын электрлік жауаптың көрсеткіштері оған әсер етуші иісті заттардың қасиеттеріне тәуелді екендігі көрсетілді. Бірнеше иістердің әсерінен оның қозған және тежелген жерлерінің кеңістіктік өрнегі өзгереді. Иіс талдағышының ерекшелігі оның сезгіш талшықтары алмаспайды, яғни мидың қарсы сыңарыына ауыспайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет