Презентация «Қалыпты және патологиялық физиология»



бет3/3
Дата05.11.2022
өлшемі419,32 Kb.
#156685
түріПрезентация
1   2   3
Байланысты:
В-ЖМҚА-02-21 Нұрмахан А.1(3).Ф

2.5. Стереохимиялық теория
  • Иіс талдағышының сезімталдығы өте жоғары. Иісті заттың бір моллекуласы бір рецепторларды қоздырады. Ал, бірнеше рецепторлардағы қозу түйсік туғызады. Адам бірнеше мың иісті ажырата алады. Ондай қабілет иттерде 3-6 есе артық болады. Иісті заттың бір молекуласы бір қабылдағышты қоздырады, ал бірнеше қабылдағыштағы қозу түйсік туғызады. Белгілі бір иіс тітіркендіргіші әсер еткенде үлкен ми сыңарлары қыртысында жоғары қозғыштықтың тұрақты ошағы пайда болады. Мұндай жағдайларда иісті басқа әртүрлі заттар әсер еткенде де түйсінуге болады
  • Шеткі бөлімі - иіс сезім жүйесінің рецепторлары мұрынның жоғарғы кеуілдерінде орналасады – иіс эпителийі.

  • Иіс рецепторлары – биполярлық жасушалар:
  • Жоғарғы жағынан иіс буылтығымен кірпікшелері шығып тұрады;
  • Иіс кірпікшелері арнайы бездер түзетін суықтыққа малынып тұрады;
  • Рецептор жасушалары негізінен миелинсіз аксондар шығады.
  • Рецепторлық аксон талшықтары иіс жүйкесін құрады.

2.6. Жұмыс істеу механизмі
2. Өткізгіш бөлімі: Иіс жүйке талшықтары торлы сүйекті тесіп өтіп алдыңғы мидың иіс пиязшасына жетеді (2 нейрон) иіс трактысымен (traktus olfactorius) өтіп иіс сезу орталығына жетеді. Иіс сезу жолы бірнеше будадан тұрады және алдыңғы мидың әртүрлі бөлімдеріне бағытталады: препириформды қыртысқа, алдыңғы иіс сезу ядросына, периамигдалярлық қыртысқа, миндальды кешеннің кейбір ядроларына, лимбия жүйесіне, гипоталамустың вегетативті ядроларына, ретикулярлы құрылымға.
3. Иіс сезу талдағышының орталық бөлімі – самай бөлімінің ішкі беті – гиппокамп.

III. Қорытынды


Организмнің өзін қоршаған ортамен қарым-қатынаста ғана тіршілік ете алады. И.М Сеченовтың айтуы бойынша “организмнің қоршаған ортасыз тіршілігі болмайды”.
Қазіргі кезде бұл пікірлер толық ашылып және жаңа жетістіктермен дәлелденіп жатыр.
Сыртқы дүниені тану бұл әрдайым сезуден басталады. Ол заттардың жеке қасиеттері мен сапаларын анықтап табуға мүмкіндік туғызады.
Талдағыштардың әлемді танып білуде маңызы зор. Талдағыш дегеніміз – мидың сезіну ағзасы. Өйткені әрбір психикалық іс әрекет санада сезім арқылы қабылдау негізінде туады.
Иіс талдағышының сезімталдығы өте зор. Адам бірнеше мың әр түрлі заттардың иісін ажырата алады. Иіс талдағышының ерекшелігі оның сезгіш талшықтары алмаспайды, яғни мидың қарсы сыңарына ауыспайды.
  • Адам физиологиясы / оқулық – Сатпаева Х.К., Нілдібаева Ж.Б., Өтепбергенов А.А. – Алматы: «Білім», 2005 ж.
  • Төлеуханов С.Т. Қалыпты физиология (биологиялық жүйелердің мезгілдік құралымдар бөлімі): Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2006 ж. – 140 бет.
  • Дюйсембин Ғ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы: Оқулық Алматы: «Білім», 2003 ж. – 400 бет
  • Нұрмұхамбетұлы Е. Орысша-қазақша медициналық (физиологиялық) сөздік / ҚазММУ – Алматы: «Эверо», 2007 ж. – 904 бет.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет