Фармацевт дәрігерлің құпияны сақтауы керек. Дәрігерлің құпия:
Тұтынушы жайлы мәліметті көпшілікке таратпау;
Медицина қызметкерлері айтуды қажет тұтпаған мәліметті науқасқа жеткізбеу (жайсыз диагноз, ауру тарихы).
Фармацевтің жұмысындағы басты сәт – тұтынушының индивидуалды қасиеттеріне тәуелді оның типін қатесіз анықтау. Кез-келген менталитеттегі тұтынушылармен қарым-қатынасқа түсудің өзіндік ерекшеліктері бар:
1. Рациональды тұтынушылық– нақты сұрақтарды қояды. Оны айтарлықтай барлық нәрсе қызықтырады: емдеу тәсілдері, бағасы, гарантиясы. Негізінде ол өз мәселесін жақсы біледі, сондықтан рационалды тұтынушымен жұмыс істегенде фармацевт активті, жинақы болуы керек, тұтынушының зияткерлік қасиетін ескеріп, сұрақтарға дұрыс жауап бере алуы керек.
2. Көп сөзді тұтынушы – бір мәнді сұрақтарды әртүрлі етіп қайталай береді, сұрақтары өте көп, мәні жоқ. Бұл тұтынушыларды тыңдау және түсіну өте қиын, оны тоқтатқың келеді, оған көмекші сөз қосқың келеді, бірақ ол көмектеспейді. 3. Тынышсыз тұтынушы – қандайда бір жеке жағдайына байланысты қызығушылық танытады. Өзінің қиын мәселесін шешу мүмкінба екен, ем ауырсынусыз өте ма, фармацевтің дайындық дәрежесі қандай, күтілетін нәтиже қандай, ем қанша уақытқа созылады. Тұтынушы не үшін алаңдап жатқанын білген кезде фармацевт оның барлық қауіптерін жоққа шығарардай жауап бере алуы керек. Жұбатушы сипаттағы фразаларды қосып, тұтынушыға психологиялық демеу беруі керек. 4. Өктем қимылды тұтынушы – жоғары активтілікпен және асығыстықпен көзге түсетін, сонымен қатар тітіркендіргіш, фармациялық сұрақтарға талпынған тұтынушы. Өзін фармацевтен басым етіп көрсеткісі келеді. Бұл жағдайда мүмкіндігінше шыдамды болуы керек. 5. Өзіне сенімсіз түтынушы - кешіоімді тонмен, жұмсақ сөзбен сөйлейді, сөзінің арасында күтпеген тоқтам жасайды. “Мен білмеймін”, «Маған ыңғайсыз» деген ұялшақтық білдіреді. Бұл жерде фармацевт «қызығушылық және белсенді тыңдау техникасын» қолдану керек.
Жасы мен ауруының мінездемесіне тәуелді тұтынушылармен қарым-қатынас жасау жоғары кәсіби компетенттілік және психологиялық ерекшеліктерін, сезімін, уайымы мен оның ойын еркеру қажет.
Фармацевтің ауру балалармен қарым-қатынасқа түсуі жоғары кәсіби дайындықпен қатар, балаларға деген сүйіспеншілік пен үлкен сабырлықты талап етеді. Көп ауыратын балаларда психикалық және физикалық дамуында ауытқулар болады. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларда әр түрлі қорқыныш сезімдері( жалғыздықтан, ақ халаттан, таблеткалардан т.б.қорқу) кездеседі.