Презентация орындаған: Дәуренқызы А


Бруцеллалар қайнатқанда және дезинфекциялық ерітінділер әсерінен тез жойылады, дегенімен төменгі температураға тұрақты(тоңазытылған етте 5 айға дейін, сүт тағамдарында 1,5 ай сақталады)



бет3/8
Дата14.04.2024
өлшемі0,51 Mb.
#200815
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
6.2срс Эпид. Дәуренқызы А

Бруцеллалар қайнатқанда және дезинфекциялық ерітінділер әсерінен тез жойылады, дегенімен төменгі температураға тұрақты(тоңазытылған етте 5 айға дейін, сүт тағамдарында 1,5 ай сақталады).

ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ

Бруцеллаларға теңіз шошқалары, ор-қояндар, ақ тышқандар өте сезімтал болып келеді. Бруцеллез-зоонозды инфекция болғандықтан, жұқтыру көзі – ірі және ұсақ қара мал, доңыз, сирек жағдайда еліктер, жылқфылар, иттер, мысықтар және тағы басқалар. Қазақстанда негізінен бруцеллездің жұқтыру көзі B.melitensis пен B.abortus болып табылады. Бруцеллезбен зақымдану ет, сүт, мал терілері оның тағамдарын қолданғанда пайда болады. Көбінесе бруцеллезбен жануарлармен көп қатынаста болатын малшылар ,сауыншылыр мен мал,ет,сүт өнімдерін сатушылар ауырады. Бруцеллездің адамға жұғу жолдары:

1.Ауру малмен айналысқанда (контакт-жанасын латын сөзi) микробтар адам денесiне қолдың кесiлген, жарылған жерлерi арқылы түседi.

2.Қой қырыққанда, жүн түткенде, тағы басқадай жағдайларда, шаң-тозаң арқылы микробтар кiсiнiң көзiне, аузына, дем алу жолдарына түседi.

3.Ауру мал cүтiн,eтiн шикiдей, не шала пiсiрiп, iшiп жегенде, (тамақ қорыту жолы).

4. Лабораторияда бруцелла микробтарымен жұмыс iстегенде де ауру жұғуы мүмкiн.

Бруцеллез ауруы жазғытұрым, жазды күнi болып отырады.

Бруцеллез бүкіл мемлекетте таралған. Бүкіл әлемдегі бруцеллездің ең көп тараған кезі 1961-1980жж арасында болады (Еуропа(60%), Америка(20%), Африка(10%), Азия(10%)).

Науқас адам – инфекция көзі болмайды !!!


ҚР аумағында 2018 жыл бойынша 998 ауру тіркелген. Бұл жалпы алғанда 5,5 дейгейді көрсетіп отыр. Төменде көрсетілген кесте бойынша Атырау, Маңғыстау және де Солтүстік Қазақстан мен Алматы облысы, Түркістан облысында аурушаңдылық деңгейі жоғарылаған. Ал, Республикалық қалыпты көрсеткішті көрсеткен Алматы, Шымкент қалалары және де Ақмола, Қарағанды, және Астана қалаларын атап өтсек болады.
Қазақстан республикасы бойынша 100мың адамға шаққанда бруцеллездің сырқаттанушылығы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет