МОРФОЛОГИЯСЫ,ФИЗИОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ТЫНЫС АЛУ ТИПІ Бруцеллалар – ұсақ, коккобактериалды, грам теріс таяқшалар. Олар спора түзбейді, талшықтары жоқ, капсуласы бар. Бруцеллалар қоректік орталарға талғамды. Олар ақуызды немесе аминқышқылдарын қажет етеді. Сарысулық, қанды агарда жақсы өседі. Колониялары S-формалы, ұсақ, тегіс, жылтыр, биохимиялық белсенді емес. Баяу көбейеді (2-3 аптадан кейін). - B.melitensis – қоректік орта құрамына тианин мен фуксин қосылғанда өседі. Н2S түзбейді, тыныс алу типі бойынша аэробтар.
- B.abortus – фуксин қосылған ортада жақсы өседі. Н2S түзеді, тыныс алу типі бойынша микроаэрофилл.
- B.suis – тианин қосылған ортада өседі, Н2S түзеді, тыныс алу типі б/ша аэробтар. Антигендік құрылымы күрделі, соматикалық антигені ұқсас келеді. Монорецепторлық сарысулардың қатысуымен агглютинация реакциясын береді.
Бруцеллалар каталаза және оксидазасы бар, нитратты нитритке айналдырады, цитратты утилизацияламайды, күкіртті сутек түзеді. Бруцеллалардың О-антигендері бойынша бірнеше түрі бар; негізгі беткейлік антигендері А және М антигендері. Бұл Аг-дер түрге байланысты арнайылығы бар: Brucella melitensis М Аг басым, ал B.abortus пен B.suis-те А Аг басым боп келеді. Бруцеллалардың термостабильді VI-антиген анықталған. Капсула, инвазияға қабілеттілігі, қанның бактериоцидтік әсеріне тұрақтылық, ферменттер бөлу (эндотаксин және агрессия ферментіне жататын гуалуронидаза ж/е т.б), фагоцитозы аяқталмаған. Бұл факторлар олардың тінде оңай таралуына мүмкіндік береді. Инвазивтік қасиеттерінің арқасында лимфа және қанға түсіп, бактериемия қоздырады.Бруцелланың адгезиялық қасиеттері – сыртқы мембрана қуыстарымен байланысты және бруцелланың тағы бір ерекшелігі ол аллергендің қасиетке ие боп келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |