Қан, зәр, нәжіс, ми, сүт Қан сарысуы Бактериологиялық әдіс Бауырлық сорпада өсіру Серодиагностика Бауырлық агарға егу Колониялар сипаты Жағынды, Грам әдіс б/ша бояу Иммунды сарысумен агглютинация реакциясы Таза дақылды алу үшін қиғаш агарға егу ИФА КБР Хедльсон реакциясы Райт реакциясы Идентификация (биохимиялық, антигендік қасиеті, фагқа сезімталдығы бойынша)
Негізгі емі – кең спектрлі антибиотиктермен емдеу. Созылмалы түрінде антибиотиктер әсер етпейді, сондықтан арнайы имунды емдеу - өлі вакцинаны және бруцеллездік иммунды глобулинді қолданады.
Бруцеллезден сақтануда – санитарлық-гигиеналық шаралар маңызды рөл алады (соның ішінде сүтті пастеризациялау). Қазақстан Республикасында 2007 жылға дейін эпидемиологиялық көрсеткіштері бойынша бруцеллездік құрғақ вакцина (Brucella abortus 19BA сиыр типті вакциналық штамм) қолданылды.
Қазақстан Республикасында жануарларды қорғау және халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау үшін Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 10 шілдедегі № 339 "Ветеринария туралы" Заңының 8-бабы 9-тармағының негізінде ауыл шаруашылығы министрлігі 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды әзірледі және бекітті. "Бруцеллез бойынша жүргізілетін ветеринариялық іс-шаралар тәртібі" 99-тарауына сәйкес жануарлар бруцеллезінің (бұдан әрі-Ветсанправлила) алдын алу бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізіледі. Қолайлы пункттерде жоспарлы тәртіппен 12 айлық жастан бастап ауыл шаруашылығы жануарларының барлық басы екі рет (көктемде және күзде) бруцеллезге диагностикалық тексеруден өткізіледі.
2021 жылы бруцеллез бойынша қолайсыз пункттерді сауықтыру эпизоотиялық ошақты жоюға және қолайсыз пунктте ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуге дейін азаяды. Ірі қара малдың бруцеллезі бойынша қолайсыз пунктті сауықтыру жүйелі диагностикалық Серологиялық зерттеулер арқылы қатарынан екі рет теріс нәтиже алғанға дейін әрбір күнтізбелік 15-20 күн сайын кейіннен ауру жануарларды оқшаулау және сою арқылы жүзеге асырылады.