Презентация Орындаған: Ерсұлтан А



Дата25.09.2022
өлшемі138,43 Kb.
#150710
түріПрезентация
Байланысты:
Биосфера.
Презентация, Презентация, 11 сынып 1 тоқсан Тест сұрақтары 2 нұсқа география, Орман Презентация, 153592, Мамыр Аружан блок-схема(4), Физхим өзіміз, ағылшын сессия готов (1), Мамыр Аружан СОӨЖ (1), 275274

Презентация

Орындаған:Ерсұлтан А

Дүйсенбек Ж

Қабылдаған:Пошаева Г


Биосфера — ғаламдық экожүйе

Биосфера ғылымының пайда болуы

  • «Биосфера» терминін алғаш тіршілік бар жердің қабықшасын анықтау үшін XIX ғ. 85 ж. атақты геолог Э.Зюсс (Австрия) қолданған. Биосфера туралы ілімнің негізін XX ғ. 26 ж. В.И.Вернадский салған. В.И.Вернадский биосфера деп ғаламшадың тіршілік бар немесе болған, үнемі тірі ағзалардың әсеріне ұшырайтын, не ұшыраған бөлігін айтады. Биосфераның тепе-теңдігінің сақталуын гомеостаз деп атайды. Биосфера өздігінен реттелетін кибернетикалық жүйе. Жер биосферасының негізгі алуантүрлілігін тірі ағзалар жасайды, биосфераның өмір сүруі барысында 1 млрд кем емес тірі ағзалар болған

Биосферада барлық тіршіліктің ең қозғаушы күші — күн сәулесі

Биосферада барлық тіршіліктің ең қозғаушы күші — күн сәулесі

  • Биосфераға күннен секуңцьша 1.025 калория энергия келіп сіңеді оның 42 процентін биосфераның әлемдік кеңістігіне тарайды да, ал қалған 57 пайызын өз бойында сақтайды. 1 пайыз энергия өсімідіктерге жиналады. Бұл энергия жердің жасыл желегінде болатын фотосинтез үрдісіне жұмсалады.

Биосфера қызметтері

Газдық қызметі

  • Газдардың тасымалдануы және олардың бір күйден екінші күйге өзгеруі тірі ағзалардың қатысуымен жүреді. Газдық қызмет арқылы биосфераның газдық құрамының тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. Жер бетіндегі көптеген газдар биогенді жолмен пайда болған. Тірі ағзалардың тіршілігі нәтижесінде оттек, азот, көмір қышқыл газы, күкіртті сутек, метан, т.б. газдар тасылмалданады.

Биохимиялық қызметі

Биохимиялық қызметі

  • Тірі ағзалардың биохимиялық қызметі қоректенуі, тыныс алуы, көбеюі және (өлген ағзалардың) ыдырауы мен шіруі кезінде байқалады. Бұл кезде элементтер атомдар түрінде бір орыннан екінші орынға ауысады. Кейде адамның іс-әрекетінің нәтижесінде, биосфераға тән емес әрі биосфераға зиянды әсер ететін зат айналымы байкалады. Мысалы, өнеркәсіп орындарынан, көліктерден улы қоспалар бөлініп ауаны ластайды. Ал қышқыл жаңбырдың да табиғатка зияны мол

Тотығу-тотықсыздану қызметі

Тотығу-тотықсыздану қызметі

  • Тірі азғалар топырақ арасында және гидросферада бұл қызметін үнемі атқарып отырады. Тірі азғалар заттарды тотықтыру арқылы оксидтер түзеді, ал кейбір заттарды (көмірсутек, күкіртті темір, т.б.) қалпына келтіреді. Кейбір ұсақ азғалар пайдалы қазбалар (әктәс, боксит, т.б.) түзуге де қатысады.

Жинақтау қызметі

Жинақтау қызметі

  • Тірі ағзалар коршаған ортадан алған, биогенді элементтерді өз мүшелерінде жинайды. Тірі ағзалар құрамында болатын элементтердің коршаған ортада кездесетін элементтерден едәуір айырмашылығы болады. Тірі ағзалардың құрамында сутек, көміртек, азот, оттек, натрий, магний, кремний, күкірт, т.б. элементтердің жеңіл атомдары көбірек кездеседі.

Биосфера негізінен үш қабаттан құрылады. Олар: атмосфера (газ күйіндегі), гидросфера (су), литосфера (қатты) қабаттар



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет