Тырыспалы талма(судорожные припадки) Үлкен тонико-клоникалық талмамен кездескен кез-келген дәрігер алғашқы көмек көрсетуі тиіс. Тырыспалы талма эпилепсияда немесе симптоматикалық сипатта (абстинентті синдром фонында, интоксикацияда, жоғары қызбада, бас-ми жарақатында және т.б.) кездесуі мүмкін. Алғашқы көмек Талма кезінде: - Мүмкіндігі барынша тырыспа кезінде науқасты құлаудан сақтау керек. Себебі тырыспа кезінде құлау науқаста ауыр асқынуларды тудырады.
- Науқасты бір қырына жатқызып,басына жұмсақ зат(киімін,жастық, одеяло) қою керек
- Аяқ – қолын қатты күшпен ұстамау керек. Себебі науқастың аяғы шығып, байламдарына зақым келуі мүмкін.
- Науқстың тісінің арасына қатты затты қоюға болмайды(жарақаттың алдын-алу үшін).
- Талма кезінде дәрі енгізуге болмайды
Достарыңызбен бөлісу: |