Гипоталамустық-гипофиздік көп бездік эндокринопатиялар - гипофиздің толық жеткіліксіздігінде гипотиреоз, гипокортицизм, гипогонадизм түрлерінде байқалады.
Аутоиммундық түрінде аутоантиденелер антигендік қасиеті бірден немесе ұқсас бірнеше бездерді бүліндіреді. Содан инсулинге төуелді қантты диабет, аутоиммундық тиреоидит, гипопаратиреоз және бүйрек үсті бездерінің жыныстық функциясының жеткіліксіздігі дамиды. Осындай дертті аутоиммундық синдромы дейді.
Рецепторлық плюригландулярлық эндокринопатиялар С-нәруыздарынан тұратын гормон рецепторларында ақау болудан дамиды. Содан нысана жасушалардың рецепторларының көптеген гормондарға сезімталдығы азаяды. Осындай жағдайдан жалған гипопаратиреоз, гипергонадотроптық гипогонадизм, біріншілік гипотиреоз дамиды.

Тұқым қуатын плюригландулярлық эндокринопатиялар әртүрлі гормон өндіретін жасушаларда, онкогендердің өршіп кетуінен, өспелер дамуымен сипатталады. Бұл кезде қалқаншасерік без өспесі, ұйқыбез жасушаларында (гастринома, инсулинома, глюкагонома немесе випома), соматотропинома, пролактинома және кортикотропинома дамиды.
Қорытынды
Адам ағзасында көптеген процесстер тек жүйке жүйесінің қызметімен шектеліп қана қоймай,эндокринді жүйемен де қамтамасыз етіліп отырады. Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет алмасу гуморалды жолмен жүріп отырады. Қызметтердің гуморалды реттелуінде маңызды ролді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Оладың қызметтерінің өнімі гормондар болып табылады.