Презентация Тақырыбы: Жатыр мойны обыры


Жатыр мойны обырының клиникалы-морфологиялық жіктеуі



бет2/4
Дата26.09.2024
өлшемі0,51 Mb.
#205186
түріПрезентация
1   2   3   4
Байланысты:
Жатыр мойын исиги

Жатыр мойны обырының клиникалы-морфологиялық жіктеуі:

  • Фонды процестер: псевдоэрозия, лейкоплакия, полип, жалпақ кондиломалар.
  • Рак алды процесс – дисплазия: әлсіз, орташа, ауыр деңгейлі.
  • Преинвазивті рак (Ca in situ, эпителий ішіндегі рак).
  • Микроинвазивті рак.
  • Инвазивті рак: жалпақжасушалы мүйізделетін, жалпақжасушалы мүйізделмейтін, аденкарцинома (безді), диморфты безді-жалпақжасушалық, төмен дифференцияланған.

Жатыр мойыны обырының сатылар бойынша жіктелуі (1985 ж.)

  • 0 сатысы – преинвазивті рак (Ca in situ) – жатыр мойыны эпителийінің барлық қабаттарында рактың белгілері болады. Мұнда жатыр мойыны эпителийінің «қатпарлығы» және «полярлығы» бұзылған атипиясы, бірақ процеске строма қамтылмайды.
  • Iа сатысы – микроинвазивті рак – стромаға 3 мм артық өспеген жатыр мойынымен шектелген ісік (ісіктің диаметрі 1 см артық болмау керек).
  • Iб сатысы – стромаға 3 мм артық өскен, жатыр мойынымен шектелген ісік.
  • IIа сатысы – қатерлі ісік қынапты, төменгі 1/3 бөлігіне ауыспай, зақымдайды және/немесе жатырдың денесіне жайылады.
  • IIб сатысы – қатерлі ісік жамбас қабырғаларына ауыспай бір немесе екі жақтағы параметрийді зақымдайды.
  • IIIа сатысы – қатерлі ісік қынаптың төменгі 1/3 бөлігін зақымдайды және/немесе жатыр қосалқыларында метастаздар болады; аймақты метастаздар болмайды.
  • IIIб сатысы – қатерлі ісік бір немесе екі жақтағы параметрийді жамбастың қабырғасына дейін зақымдайды және/немесе жамбас қуысының лимфа түйіндерінде аймақты метастаздар болады, және/немесе несеп жолының қысылуына байланысты туындайтын гидронефроз және әрекетсіз бүйрек анықталады.
  • IVа сатысы – қатерлі ісік қуықты және/немесе тік ішекті зақымдайды.
  • IVб сатысы – алыс метастаздар анықталады.

Жатыр мойны обырының TNM жүйесі бойынша (1985 ж.) халықаралық жіктелуі

  • Т – бірінші ретті ісік.
  • Тis – преинвазивті рак (Ca in situ).
  • Т1 – жатыр мойынымен шектелген қатерлі ісік.
  • Т1а – микроинвазивті карцинома (3 мм дейін өсу).
  • Т1б – инвазивті карцинома.
  • Т2 – жатыр мойынының жамбас қабырғаларына ауыспай шектен тыс жайылған қатерлі ісік, және/немесе қынаптың төменгі 1/3 бөлігіне ауыспай және/немесе жатырдың денесіне жайылады.
  • Т2а – қатерлі ісік тек қынапты және жатырдың денесін зақымдайды (параметрийге жайылмайды).
  • Т2б – қатерлі ісік параметрийді зақымдайды.
  • Т3 – қатерлі ісік қынаптың төменгі 1/3 бөлігін және/немесе екі жақтағы параметрийді жамбастың қабырғасына дейін зақымдайды.
  • Т3а – қатерлі ісік қынаптың төменгі 1/3 бөлігін зақымдайды.
  • Т3б – қатерлі ісік бір немесе екі жақтағы параметрийді жамбастың қабырғасына дейін зақымдайды және/немесе жамбас қуысының лимфа түйіндерінде аймақты метастаздар болады, және/немесе несеп жолының қысылуына байланыств туындайтын гидронефроз және әрекетсіз бүйрек анықталады.
  • Т4 – қатерлі ісік қуықты және/немесе тік ішекті зақымдайды, алыс метастаздар анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет