0 сатысы (Ca in situ). Преинвазивті рак. Таңдау әдістері – электрхирургиялық (ДЭЭ – диатермоэлектрлі эксцизия), пышақты әдістермен орындалатын жатыр мойынының конус тәрізді эксцизиясы (конизация) немесе жатыр мойынының ампутациясы. Емдеу әдісінің радикалдылығы үшін конустын биіктігі 1,5-2 см болуы қажет. Алып тасталған препараттың құрамында эктоцервикстің барлық зақымдалған ұлпасы 1 см сау ұлпа болу керек және ол эндоцервикстің ¾ бөлігін қамтуы керек. 0 сатыда 50-ден асқан жаста, жатыр миомасы, аналық бездің ісігі қосарласқанда, ДЭЭ кейін 0 сатының рецидиві болған жағдайларда жатырдың қосалқылармен экстирпациясы орындалады.
Жатыр мойыны рагының I сатысы:
Жатыр мойыны рагының I сатысы:
Жас әйелдерге (50 жасқа дейін) хирургиялық ем жатырдың қосалқылармен кеңейтілген экстирпациясы көлемінде – Вертгейм оперециясы жүргізіледі. Сол сияқты Вертгейм операциясы аралас емнің компоненті ретінде жатыр мойынының рагы жатырдың миомасымен, жүктілікпен, қосалқылардың, сыртқы жыныстық мүшелердің қабынған дерттерімен, қосалқылардың ісікті процестерімен, сыртқы жыныстық мүшелердің даму ақауларымен (кемістіктерімен) жапсарлас болған жағдайда да қолданылады.
Сәулелік терапиядағы асқынулар:
Сәулелік терапиядағы асқынулар:
Жергілікті реакциялар – сәулеленген бөліктің эритемасы, жаралы өзгерістер де болатын цистит, ректит, жынысты-несеп жолдарының тыртықты жіңішкеруі, жынысты-несептік саңылаулар.
Жалпы реакциялар – орталық жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы, лейкопения, лимфоцитопения, анемия (қан өндіру қызметінің бұзылуы).
Жатыр мойны рагының IV сатысы. Паллиативті сәулелік терапия, химиятерапиялық препараттар және симптоматикалық терапия тағайындалады. Химиятерапияның әсері төмен, жатыр мойны рагының рецидивтерінде және метастаздарында жүргізіледі.
Жатыр мойыны рагының сәулелік терапиясының негізіне анатомиялық аймақтың концепциясы жатады, ол бойынша ісік әсерге аймақтық лимфа түйіндерімен және лимфа қайту жолдарымен бірге ұшырауы керек. Бірінші ретті ісікке жеткізілетін сәуле шығарудың терапиялық мөлшері қуысішілік гамма-терапиямен орындалады. Бірақ, жамбастын аймақтық лимфа түйіндер мен жатырдың дәнекерлеуші аппаратының латералды бөлімдері орналасатын қабырға маңайындағы бөлімдеріне терапиялық мөлшердің аздаған бөлігі ғана тиеді. Бірінші ретті ісіктегі және лимфогенді метастаздану аймағындағы терапиялық мөлшерлердің деңгейлерінің арасындағы диспропорцияны жою үшін қуысішілік сәулелендіру дистанциялық сәулелік терапиямен біріктіріледі.