N0 – аймақты лимфа түйіндерде метастаздар болмайды.
N1 – аймақты лимфа түйіндерде метастаздар анықталады.
N2 – жамбастың қабырғасында қозғалмайтын тығыздалған түйін пайда болады және ол түйінмен бастапқы ісіктің арасында еркін кеңістік болған жағдайда, қолға білінеді.
Nx – аймақты лимфа түйіндердің күйін бағалау мүмкін емес.
М – алыс метастаздар.
М0 – алыс метастаздардың белгілері болмайды.
М1 – алыс метастаздар болады және оларға қоса бел және шап лимфа түйіндері зақымданады.
Мх – алыс метастаздарды анықтау үшін деректер жеткіліксіз.
Жатыр мойны қатерлі ісігінің клиникасы
Ақ етеккір әртүрлі сипатты болуы мүмкін: сулы, қанмен боялған, иіссіз және нашар иісті.
Жатыр мойыны рагына жыныстық қатынастан соң, ауыр зат көтергенде, гинекологиялық зерттеулерден кейін және тағы да басқалар барысында пайда болатын қатынастық қанды бөлінулер тән.
Етеккір үзілісінен кейінгі жастағы әйелдерді жыныстық жолдарынан қанның бөлінуі.
Қатерлі ісіктің тік ішекке таралуы бастапқыда үлкен дәретте қанның бөлінуіне, сонан кейін саңылаудың пайда болуына ықпал етеді.
Диагностикасы
Шағымдар
Анамнез
Жалпы қарау
Гинекологиялық зерттеу: жатыр мойнын айнамен қарағанда, мөлшерлері және деңгейлері әртүрлі, некрозды жаралы бөліктері бар қатерлі өсінділерді байқауға болады. Сынғыш қатерлі ісікті жаралардың көтерілген шеттері жақсы көрінетін сары түрі болады (Хробак белгісі – түтікті аспап батып кетеді, қанталайды).
Тік ішекті-қынапты зерттеу жатыр мойынының бейнесін, тығыздығын, қозғалғыштығын, сіңірлі аппаратының және жамбас үлпершесінің күйін анықтауға мүмкіндік береді.
Қосымша әдістер
Цитологиялық және гистологиялық әдістер.
Кольпоскопия. Жатыр мойынының кілегей қабатын 15-30 есе үлкейтіп тиянақты қарау, қатерсіз өзгерістерді қатерлі ісіктерден дұрыс ажыратуға мүмкіндік жасайды. Кольпоскопия анықталған цитологиялық өзгерістерде процестің топографиясын айқындауға мүмкіндік береді және көзделген биопсияны орындау үшін маңызды бағыттаушы болып есептеледі. Кольпоскоптың бақылау өрісі жатыр мойынының қынапты бөлігінің беткейімен ғана шектелетіндіктен әдістеменің әрі қарай жетілдірілген түрлері – жарықтық және люминисцентті кольпоцервикоскопия, кольпомикроскопия маңызды орын алады.
Жапсарлас басқа мүшелердің (цистоскопия, ректороманография), несеп шығару жолдарының (экскреторлы урография, радиоизотопты ренография) күйлері зерттеледі, алыс метастаздардың бар-жоқтығы анықталады (кеуде қуысының рентгенографиясы, іш қуысы мүшелерінің УДЗ, ауырсынған белгіде – жамбас сүйектерінің рентгенографиясы).
Зерттеу барысында аймақты лимфа коллекторларының күйі радиоизотопты әдіспен, ал қажет болған жағдайда лимфография әдісі қолдананылады.