Бұл жолдың бірінші нейроны жұлын түйінінде орналасқан. Бұл псевдоуниполярлық жасуша, оның дендриттері тері жамылғыларында (шырышты қабықта) рецепторлардан басталады
Бұл жолдың бірінші нейроны жұлын түйінінде орналасқан. Бұл псевдоуниполярлық жасуша, оның дендриттері тері жамылғыларында (шырышты қабықта) рецепторлардан басталады.
Бұл жолдың бірінші нейроны жұлын түйінінде орналасқан. Бұл псевдоуниполярлық жасуша, оның дендриттері тері жамылғыларында (шырышты қабықта) рецепторлардан басталады.
Бұл нейрондардың аксондары жұлын нервтерінің артқы түбіршіктерін түзеді, жұлынға барып, оның артқы мүйіздерінің нерв жасушаларында аяқталады (екінші нейрон).
Екінші нейрондардың аксондары алдыңғы қоңыр дәнекер арқылы қарама-қарсы жақтың бүйір жіпшесіне өтеді де, жоғары көтеріледі. Екінші нейрондардың талшықтары таламустың дорсолатералды ядросының үшінші нейрондарының жасушаларында аяқталады.
Үшінші нейронның аксондары ішкі қапшықтың артқы аяқшалары арқылы жоғарыға өтіп, орталықарты қатпарының қыртысына жоғары көтеріледі (жалпы сезгіштіктің қыртысты орталығы).
Екінші нейрондардың нерв талшықтары қарама-қарсы жаққа өтуі нәтижесінде дененің сол бөлігінің импульстері үлкен мидың оң жарты шарына, ал оң жағынан – сол жақ жарты шарына беріледі.