ЖАСУША ҚҰРАМЫНДАҒЫ ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР.
Макроэлементтер ( оттек, көміртек, сутек, азот, т.б.)
Микроэлементтер (мырыш, йод, хром, т.б.)
Ультрамикроэлементтер (сынап, алтын, уран, т.б.)
- Макроэлементтерге – сутегі, көміртегі, оттегі және азот жатады. Бұл макроэлементтер органогендік деп те аталады, өйткені олар органикалық заттардың (белоктар, нуклеин қышқылдары, майлар, көмірсулар) молекулаларын құрайды.
- Микроэлементтер жүз пайыздың мыңнан бір пайызына дейінгі мөлшерде қол жетімді. Микроэлементтер жасушадағы биохимиялық реакциялардың белсенділігін арттырып, организм тіршлігінде маңызды қызметтер атқарады. Мысалы, хром, мыс, мырыш, күміс, никель, литий және т.б. элементтер жатады.
- Жасушадағы ультрамикроэлементтердің мөлшері өте төмен – пайыздың миллионнан бірі. Оларға: сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. элементтер жатады. Бұл элементтер адам ағзасында қажетті мөлшерден көп болатын жағдайда көптеген аурулар пайда болады. Себебі, олар – токсиндік металдар болып табылады. Дегенмен, ағза үшін маңызы зор әрі біршама үрдістерге қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |