Презентация тақырыбы: Жұқпалы үдерістің патофизиологиясы. Сепсис «Қалыпты және патологиялық физиология» кафедрасы


Сепсис– деп жүйелі қабынулық серпілістер синдромыдамуына әкелетін белгілі айқындалған жұқпа ошағының болуын айтады. Оның көрсеткіштері болып



бет4/4
Дата12.10.2023
өлшемі0,89 Mb.
#184857
түріПрезентация
1   2   3   4
Байланысты:
Аружан 5 срс.Физ

Сепсис– деп жүйелі қабынулық серпілістер синдромыдамуына әкелетін белгілі айқындалған жұқпа ошағының болуын айтады. Оның көрсеткіштері болып:

  • Сепсис– деп жүйелі қабынулық серпілістер синдромыдамуына әкелетін белгілі айқындалған жұқпа ошағының болуын айтады. Оның көрсеткіштері болып:
  • ● қанда бактериялардың тұрақты болуы (бактериемия)
  • ● қабынулық бүліністердің ауқымды ошағы болуы - есептеледі.
  • Ауыр сепсис – деп, айқындалған жұқпа ошағы және жүйелі қабынулық серпілістер синдромының екіден астам көрсеткіштері болуымен көрінетін, белгілі организм жүйесінің жеткіліксіздігімен сипатталатын сепсисті айтады. Бұл кезде ересек адамдарда тыныстық дизстресс-синдром, кардиогендік қан айналым жеткіліксіздігі, бүйрек қызметінің
  • жеткіліксіздігі т.с.с организмнің бұзылыстары байқалады.

Жұқпалы үрдістерді емдеу негіздері.

  • Жұқпалы үрдістерді емдеу үш бағытта жүргізілуі қажет. Ол, біріншіден, туындатқан себепкер ықпалға қарсы бағытталады. Осы мақсатта бактерияларға, вирустарға, қарапайым жәндіктер мен құрттарға, майда саңырауқұлақтарға қарсы дәрі-дәрмектер қолданылады.
  • Екіншіден, аурудың даму жолдарындағы маңызды тетікті үзуге бағытталады. Ол үшін:
  • ● организмді уытсыздандыру емшаралары (қанға сұйық енгізу, гемодиализ, плазмаферез, гемосорбция, микробтардың уыттарына қарсы емдік сарысулар енгізу т.б.);
  • ● қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер мен емшаралар;
  • ● иммунитетті емдеу, иммундық жүйені қалпына келтіруге бағытталған емшаралар;
  • ● ағзалар мен тіндердің қызметтерін қалпына келтіруге бағытталған емшаралар;
  • ● организмнің ішкі тұрақтылық көрсеткіштерін (рН, рО2, рСО2, электролиттер мен судың көлемін т.с.с.) қалпына келтіруге бағытталған емшаралар – қолданылады.
  • Үшіншіден, аурудың әйгіленімдерін азайтуға немесе жоюға бағытталған емшаралар пайдаланылады. Осы мақсатта бас ауыруын басатын, ұйықтататын, көңіл-күйін жақсартатын, ауырусынуды жоятын дәрі-дәрмектер қолданылады.

Қорытынды

Инфекциялық процесс – соңғы нәтижесі инфекциялық ауруларға алып келетін сезімтал адам организмі мен белгілі бір жағдайы бар ортадағы патогенді микроорганизмдер қарым-қатынасы нәтижесінде пайда болған процесс. Бұл процестің жүруі микроорганизмнің патогенділік, вируленттілік, токсигенділік сияқты қасиеттеріне, ал макроорганизмнің ауруды қабылдау дәрежесіне байланысты болатын процесс. Инфекциялық аурудың пайда болу себептерін білу болашақ дәрігер үшін ауруды емдеуде өте маңызды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет